Жұма, 22 Қараша 2024
Билік 4574 0 пікір 26 Қараша, 2015 сағат 03:00

САЙРАМДА АУДАНАРАЛЫҚ СЕМИНАР ӨТТІ

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасын арттыру бағытындағы ауданаарлық семинар өтті, - деп хабарлайды Абай порталы.

Жақында Сайрам аймағы бойынша ауданаралық Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл басқармасының ұйымдастыруымен мемлекеттік қызмет істері және мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру  мәселелері  бойынша  ауданарлық семинар өткізілді. Семинарға Сайрам, Төлеби және Түлкібас аудандарының жергілікті атқарушы, өкілді және аумақтық органдардың мемлекеттік қызмет көрсетумен айналысатын жауапты және персоналдық басқару бөлімінің жауапты қызметкерлері  қатысты. Атап айтқанда аудан әкімдіктері мен маслихаттарының, әділет, қазынашылық, мемлекеттік кірістер және тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармаларының;  ветеринарлық бақылау- қадағалау және аумақтық инспекциялардың, ауруханалар мен емханалардың,  сондай-ақ Халыққа қызмет көрсету орталықтарының  жауапты қызметкерлері шақырылды.

Өткізілген іс-шарада төмендегі мәселелер талқыланды:

  • Мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын арттыру жолдары және оған қатысты ұсыныстар;
  • Мемлекеттік қызмет көрсетуші мемлекеттік органдардың міндеттері, олардың жұмыстарының тиімділігін арттыру бағыттары;
  • Сайрам ауданы әкімдігімен мемлекеттік қызмет істері саласы бойынша атқарылып отырған жұмыстар;
  • Мемлекеттік органдармен мемлекеттік қызмет туралы заңдылықтардың сақталу барысы.

Күн  тәртібіндегі мәселелер бойынша ХҚКО Сайрам аудандық филиалының директоры, Түлкібас ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы басшысының орынбасары, Сайрам ауданы әкімі аппараты персоналды басқару бөлімінің басшысы және Басқарма консультанты баяндамалар мен хабарламалар жасап, мемлекеттік қызметтің сапасын арттыруға қатысты өздерінің ұсыныстарын айтты.

Семинар барысында Департаменттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы  оқыту және қоғаммен өзара әрекеттесу бөлімінің басшысы Г.Мусабековамен мемлекеттік қызметшілердің оң имиджі жөнінде семинар-тренинг өткізіліп, «Мемлекеттік қызмет туралы» жаңа заң жобасы аясында түсіндірмелер беріліп, мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастыру бағытында пікірлер мен ұсыныстар талқыланды.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1455
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3218
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5269