ҰҚШҰ: Армения ұйымға әлі де мүше...
Армения Республикасы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының (ҰҚШҰ) құрамындағы мүшелігін заңды түрде сақтап отыр.
Десе де, ел ұйымның іс-шараларына қатысудан бас тартып, қатарынан үшінші жыл қатардағы мүшелік жарнасын төлемей келеді. Бұл туралы 21 қазанда ҰҚШҰ Бас хатшысы Талатбек Масадықов мәлімдеді.
Ұйым басшылығының айтуынша, қазіргі таңда Ереван ұйым шеңберіндегі шешімдерді қабылдау мен бірлескен жобаларды жүзеге асыру процестерінен іс жүзінде тыс қалып отыр. Әйтсе де, ресми деңгейде елдің ұйым құрамынан шығуы туралы түпкілікті құжаттық шешім әлі қабылданған жоқ.
Талатбек Масадықов бұл мәселенің болашағы тікелей Ереванның саяси ұстанымына байланысты екенін атап өтті:
«Арменияның ұйымға мүшелігіне қатысты түпкілікті шешімді тек Армения билігі мен осы елдің халқы қабылдауы тиіс», — деді ҰҚШҰ Бас хатшысы.
Соңғы жылдары Ереван мен ҰҚШҰ арасындағы қарым-қатынаста салқындық байқалып келеді. Армения билігі ұйымның аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі міндеттерін орындау деңгейіне наразылық білдіріп, ұйым аясындағы де-факто белсенділігін тоқтатқан болатын.
Abai.kz