ФЕРҒАНА ЖАЗЫҒЫНДА ҚАУІПСІЗДІК ШАРАСЫ КҮШЕЙДІ
Өзбекстанның Әндіжан қаласында ІІМ мен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ұйымдастыруымен терроризмге қарсы жаттығу өтті. Бұл жөнінде Озодлик (Азаттықтың өзбек қызметі) хабарлайды.
Әндіжаннан түскен ақпарат бойынша, бейсенбі күні қалада мылтықтың және ауыр қарулардың дауыстары естілген, кейбір жолдар жабылған.
Сонымен бірге Ферағана облысында қауіпсіздік шаралары барынша күшейтілгені хабарланады, жекелеп айтқанда, тұрғындар мен қалаға келушілердің төлқұжаттарын тексеру жиілеген және ауданға кіретін бекеттерде де тексеру күшейген.
БАҚ-тың хабарлауынша, өткен аптада Ташкентте және Ташкен облыстарында «Ислам мемлекеті» террористік ұйымына қатысы бар делінген 200-ге тарта адам ұсталған.
Абай-ақпарат