АБЫЛАЙ ТУРАЛЫ ЖЫР
Мен бір жырды жырлайын,
Жырласам нені жырлайын?
Ертеде өткен Абылай,
Ханымды жырлайын!
Оныменен қоймайын,
Оның атысқан жауын жырлайын.
Қосқан малын жырлайын.
Мінгенде аты кер еді,
Есенқұл мен Ерсадыр
Қырғызда даңқы бірге шыққан ер еді.
Анау бір Сәдір аттанды,
Аттанды да баптанды.
Қазақ бір ойға түскенде
Тыныш ұйықтап жатпады.
Ақсу менен Көксуда
Аттана келе сартты алды.
Қарада Қуыс Шыңғырдан
Семіз найман шабылды,
Соның ішінде,
Қоңыратым жаман жабылды.
Сайқал терек түбінде,
Мұзды балақ басында,
Су қаққан қозы мен лақ табылды.
Он бес жасар жас бала
Жауғаш бір сонда жылайды:
«Сен Сәдірге қылмасам,
К... -нен сүргі салмасам,
Арқадағы Абылай ханыма бармасам,
Сөйтіп бір кегім алмасам!»
Тағы бір мезгіл болғанда,
Жауғаш бір атқа мінген күн,
Беліне садақ салған күн,
Қарағанда ел қолына
Орта ала қонған күн.
Іңірде қозыны алғанда,
Түс ұйқыға барғанда
Шешініп жатып қалғанда,
Тиіп бір жылқы алған күн.
Төрт кісіні басшы алып,
Бес кісіні қосшы алып,
Арқадағы Абылай ханға келген күн.
«Алдияр» деп бас ұрған күн.
Хан Абылай сұраған күн:
– Жолың болсын, Жауғаш жан!
– Хан Абылай, тақсыр хан!
Тәңірі берсе, мол болсын.
Қарада Қуыс Шыңғырдан
Мен бір жырды жырлайын,
Жырласам нені жырлайын?
Ертеде өткен Абылай,
Ханымды жырлайын!
Оныменен қоймайын,
Оның атысқан жауын жырлайын.
Қосқан малын жырлайын.
Мінгенде аты кер еді,
Есенқұл мен Ерсадыр
Қырғызда даңқы бірге шыққан ер еді.
Анау бір Сәдір аттанды,
Аттанды да баптанды.
Қазақ бір ойға түскенде
Тыныш ұйықтап жатпады.
Ақсу менен Көксуда
Аттана келе сартты алды.
Қарада Қуыс Шыңғырдан
Семіз найман шабылды,
Соның ішінде,
Қоңыратым жаман жабылды.
Сайқал терек түбінде,
Мұзды балақ басында,
Су қаққан қозы мен лақ табылды.
Он бес жасар жас бала
Жауғаш бір сонда жылайды:
«Сен Сәдірге қылмасам,
К... -нен сүргі салмасам,
Арқадағы Абылай ханыма бармасам,
Сөйтіп бір кегім алмасам!»
Тағы бір мезгіл болғанда,
Жауғаш бір атқа мінген күн,
Беліне садақ салған күн,
Қарағанда ел қолына
Орта ала қонған күн.
Іңірде қозыны алғанда,
Түс ұйқыға барғанда
Шешініп жатып қалғанда,
Тиіп бір жылқы алған күн.
Төрт кісіні басшы алып,
Бес кісіні қосшы алып,
Арқадағы Абылай ханға келген күн.
«Алдияр» деп бас ұрған күн.
Хан Абылай сұраған күн:
– Жолың болсын, Жауғаш жан!
– Хан Абылай, тақсыр хан!
Тәңірі берсе, мол болсын.
Қарада Қуыс Шыңғырдан
Семіз найман шабылды,
Соның ішінде менің
Қоңыратым жаман шабылды.
Ақсу менен Көксуда
Сайқал терек түбінде,
Мұзды балақ басында
Су қаққан қозы мен лақ табылды.
Ойнап бір жүрген құрбысын,
Жауғашын жаман сағынды.
– Әй, Жауғашым, Жауғашым!
Сен бара тұр, бара тұр.
Сүмбіле тусын жылтиып,
Ат семірсін құнтиып,
Мен Сәдірге қылайын,
Баяғыдай болайын,
Пана бергей құдайым!
* * * *
Тағы бір мезгіл болғанда,
Сүмбіле тусын жылтиып,
Ат семірсін құнтиып.
Жүз қойға алған Құлаша ат,
Жыландай болып жарады.
Хан Абылай, тақсыр хан!
Ұлы бір жүзден қол жиды,
Кіші бір жүзден қол жиды.
Әсіресе соның ішінде,
Уақ пенен Керейден
Рабайсыз мол жиды.
Көк бөрідей желді хан,
Ителгідей ілді хан,
Қаршығадай қақты хан,
Тұрымтайдай қонды хан,
Тоқал терек түбінде
Айналып кеңес құрды хан.
Бәсентиін ұлы Барлыбай,
Омыраулап сөйледі,
Кісі ырқына көнбеді:
– Сен көк бөрідей желдің, хан,
Тоқал терек түбінде
Аттанып кеңес құрдың, хан,
Иманды қолға тұсымыз
Кел қайталық, – деді, хан.
Сонда Абылай жылайды,
Абылай не деп жылайды?
– Керей менен уақтың
Найза ұстаған батырдың
Бірде-бірі жоқ болды.
Мен неліктен боқ болдым.
Және тосып шоқ болдым.
Сонда кедейшілік мұңдарын
Сол мезгілде бар екен.
Керейдің ұлы Тұрсынбай:
– Көн садақты демесең,
Көпке тиер сөзім бар,
Көк шолақ атты демесең,
Олжада алар жайым бар.
Иман қылып аламыз,
Кел қайталық, – дейді, хан.
* * * *
Абылай ханым, жүруші ең,
Қаздай болып қарқылдап,
Бурадайын бұрқылдап,
Сай суындай сарқырап,
Жай тасындай жарқылдап.
Қолға да толды солқылдап.
Шабындының ішінде
Қос айдарлы ұл кетті,
Қос тұлымды қыз кетті.
Соның жаман айы өтті,
Иман қылып аламыз,
Кел шабалық, – дейді, хан.
Сүйегінде бар Абылай
Қарт бурадай шабынды.
Жүз қойға алған Құлаша ат,
Төрт аяғын қағынды,
Жау атындай сабылды.
Сабылғанын білген соң,
Абылайдай тақсыр хан,
Айыл-тұрман тағынды.
Арғымағын оздырды.
Баяу жатқан қырғызды
Сарыбелде тоздырды,
Қырғыздың белін сындырды,
Шапты да қайта Абылай!
Абылай шауып қайтқан соң,
Сәдір бала келеді.
Сай суындай сарқырап,
Жай тасындай жарқырап,
Абылай ханның қорыққаны,
Қорыққаны емей немене?
Төре бір қалды тітіреп,
– Әй, Жауғашым, Жауғашым!
Оң қолымда лашын,
Сол қолымда Жауғашым,
Іздесем де табылмас,
Жауғашжан, сендей құбаша ұл.
Мінгенде аты кер еді,
Есеңқұл мен ер Сәдір,
Қырғызда даңқы бір шыққан ер еді.
Бар, Сәдірге бара гөр,
Елде дейін Сәдірмен,
Таластың бойы тар жайлау,
Таласа барып жайлайық.
Кеңестің бойы кең жайлау,
Кеңесе барып жайлайық.
Қазы менен қартаны
Қия кесіп шайнайық.
– Сәдір батыр, тұра тұр.
Арқадағы Абылай
Ханым менің жіберді.
Бар, Сәдірге бара көр,
Мінгенде аты кер еді.
Есеңқұл мен ер Сәдір
Таластың бойы тар жайлау,
Таласа барып жайлайық.
Кеңестің бойы кең жайлау,
Кеңесе барып жайлайық.
Қазы менен қартаны
Қия кесіп шайнайық.
* * * *
– Қоқи, елдеспеймін онымен,
Жауласамын ол құлмен.
Таластың бойы тар жайлау,
Таласа барып жайламан.
Кеңестің бойы кең жайлау,
Кеңесе барып жайламан.
Қазы менен қартаны
Қия кесіп шайнаман, Қоқи!
Абылай деген кәрі құл,
Үш шапты менің үйімді,
Онымемен тұрмады,
Абылай деген кәрі құл,
Арағын ішіп есірді.
Тастап кетсін жесірімді,
Бір қылмады, мың қылды, қоқи.
Жабағымды жүн қылды,
Бозбаламды құл қылды.
Ақ отауым күң қылды.
Онымемен тынбады, қоқи,
Абылай деген кәрі құл,
Енді маған да қарап қылғанды, қоқи.
Қан қылмай шешсін киімді,
Бөлек-бөлек етермін,
Бөздей жыртып өтермін.
Дулығасын киермін,
Еңсесіне мінермін,
Кеудесіне сиермін.
Елімді шапқан сол құлдың
Сүйегінің үстіне
Мұнара қылып үйермін.
* * * *
Мінгенде аты кер еді,
Есенқұл мен ер Садыр
Қырғызда даңқы шыққан ер еді.
Елшіге барған, Жауғашжан,
Садыр батыр не дейді?
Ой, Абылай деген тақсыр хан,
Анау бір тұрған Садырдың
Үлкенсіген сөзі бар.
Құдайдың бізге берер ебі бар.
Сен келгенсің, келгенсің.
Келіп қырғыз шапқансың.
Тегін де олжа тапқансың.
Қоқи, елдеспеймін сол құлмен,
Енді маған қарап қалғанда.
Сонда Абылай:
Жалаңаш хажым сен болсаң,
Анау тұрған Садырды тұрып атсана,
Қарқ олжаға батсана.
Ол Садырды атпасаң,
Садыр сені алады,
Ат к... - іне салады.
Жанған отқа өзіңді
Шырқыратып басады.
Алладан өкім келген соң,
Бір шыбындай, көкежан,
Жан қай жаққа қашады.
Қоңыраттың көп мерген,
Күйінде болған сол байғұс
Орама қара мылтықты,
Тізеге ала отырды.
Аузын бір оққа толтырды.
Аттан бір қорған соғыста,
Оқшантайын қағысты!
«Аллалап» Абылай шанышқан күн,
«Қоқилап» қырғыз қашқан күн.
Қазақты дәулет басқан күн,
Қырғыздан аруақ қашқан күн.
(«Аттым» деп Әтеке уыс топырақ тастады)
Арғымағын оздырды,
Баяу жатқан қырғызды,
Сарыбелде тоздырды.
Шапты да қайта Абылай.
* * * *
(Сол жылы Әтеке жырықты өлтірген,
соның қызының жоқтауы).
Мергеннің басы миллион,
Дарияның жолы серуен.
Мына бір қазақ келуін,
Әтекемнің өлуін,
Садыр кірді қамысқа
Әтекемнің найзасы
Қызыл шекпен бүркеніп,
Қыздарменен бұл Садыр,
Қара шекпен бүркеніп,
Қатынменен бұ Садыр,
Абылай ханның найзасы
Қола бір болып қайысты,
Әтекемнің найзасы
Қарағай болып майысты.
Құрым тоқым Абылай
Құрдасың ба еді, Әтекем,
Тері тоқым Абылай
Теңдесің бе еді Әтеке-ау.
Басыңды қойды әлекке,
Қаныңды алды шелекке.
Отыныңды алды керекке,
Ішіп қанға тоймады.
Абылай деген хас айғыр
Ежелгі әдетін қоймады.
Шоқан Уәлиханов. Көп томдық шығармалар жинағы. 1-том. 224-2231 беттер