G-Global ДЕГЕНІМІЗ НЕ?
G-Global – ғаламдық әлемдік құрылғы мәселелері туралы өзара сұхбаттың қосымша құралы. Саяси, әлеуметтік, экономикалық процестері пайда болатын қазіргі әлем үлкен сыртқы әртүрлілігі мен қарама-қайшылығымен сипатталады. Ілгерушіліке не көмектесетіні және не бөгет болатыны, қазіргі қоғам мен мемлекет қандай шақыру мен қауіп-қатерге тап бола алатыны – бұл әлем өркениетінің даму мақсаттары мен міндеттерін түсіну қажеттігін туғызады.
Өмірдің барлық саласында орын алған әлемде құрылған геосаяси жағдай, мәнді түрлендірулер қауіпсіздік және сенім шамасы сұрақтары бойынша жаңа тәсілдерді талап етеді. Қазақстанның қауіпсіздік мәселелерін әлемдегі жалпы геосаяси жағдайлардан және оларда болатын өзгерістерден бөлек қарастыруға болмайтыны ғаламдық шақыртулар шарттарында барлық әлемнің қоғамына белгілі. Орта Азия елдері, соның ішінде Қазақстан өз бағдарын қалай анықтағанына Батыс Еуропа мен Оңтүстік батыс Азия арасындағы қауіпсіздік мәселелері және өзара әрекеттері байланысты болды. ХХІ ғасырда ғаламдық кез-келген мәселелер бойынша сұхбат пен барлық қатысушыларға тиімді шешу жолдары қажет.Жаңа ғаламдық қаржылық-экономикалық жүйе және қауіпсіздіктің, соның ішінде ядролық қауіпсіздіктің нәтижелі ғаламдық құрылымдары, керек. Қазіргі ақпараттық технологиялардың үстемшілік дәуірі әлем туралы адам ұғымының көкжиектерін кеңейтеді. Осыған байланысты 1992 жылы 16 мамырда ұлттық қауіпсіздіктің негізгі қағидаттары анықталған «Егеменді мемлекет ретінде Қазақстанның құрылу және даму стратегиясы» қабылданды. Сол стратегияда былай деп айтылған: «Республикада ұлттық қауіпсіздік жүйесінің орталық бөлімі – әскери қауіп-қатерді болдырмау және қарсылық көрсету механизмімен әскери доктринасы. Ең алдымен, біз өз саясатымыздың бейбітшіл бағытын салтанатты түрде жариялаймыз және әлемдегі ешбір мемлекетке аумақтық дәмеміз жоқ екенін хабарлаймыз» [1]. Біздің Тәуелсіздіктің бірінші күндерінен бастап Президент Н.А. Назарбаев әлемдік қоғамның ісіне қатысуға дәйекті түрде және мақсатты түрде ұмтылады, конструктивтік халықаралық бағдарларын көтермелейді. Төменде аталған қысқа тізбесі қазақстандық тәсілдердің кеңдігін көрсетеді. 1992 жылы Қазақстан Президенті Азиядағы өзара ықпалдастық пен сенім шаралары жөнінде Кеңесті (АӨСШК) шақыру бойынша бастамасын, сонымен қатар әскери бюджеттен алынатын қаражаттардың бір пайызын аудару арқылы қалыптаса алатын БҰҰ бітімгерлік Қоры туралы идесяын ұсынды. 1994 жылы мемлекеттердің Еуразиялық одағын құру бастамасын ұсынды; 1999 жылы – «Шанхай бестігі» қызметін жалғастыру ұсынысы; 2000 жылы – Еуразиялық экономикалық қоғамның жобасы; 2001 жылы – әлемдік және ұлттық діндер көшбасшыларының Құрылтай идеясы; 2002 жылы – әлемдік экологиялық мәселелердің Тізілімін құруға ұсыну; 2003 жылы – БЭК құру туралы және ЕЫҚҰ-да Қазақстанның төрағалығы туралы бастамалары; 2004 жылы – БҰҰ қауіпсіздік Кеңесін кеңейту туралы және БҰҰ Генералдық хатшысы жанында аймақтық ұйымдардың кеңесін құру туралы ұсыныс; 2008 жылы – БҰҰ деңгейінде ядролық сынауларға қарсы Халықаралық күнді ұйымдастыру идеясы; 2009 жылы – Астанада ЕҚЫҰ Саммитін өткізу ұсынысы; 2010 жылы – Еуразиялық қауіпсіздік кеңістігі туралы бастамасы, ЕҚЫҰ және АӨСШК арасында өзара әрекеті туралы ұсыныс. Осымен Қазақстанның бастамалары аяқталмайды. 2011 жылы шығарған инновациялық жобасы ғаламдық теңгерімін кеңейту бастамасы - G-GLOBAL идеясы болып табылады. Мемлекет басшысы санауы бойынша, маңызды әлемдік шешімдерді қабылдаған кезде дамып келе жатқан елдерді есепке алмайтыны маңызды мәселелер бірі болып табылады. Барлық дамыған және дамып келе жатқан елдердің мүдделерін сақтағанда ғана реформалардың эволициялық жолдары тиімді. Бұл Н.А.Назарбаев бастамасының ең маңызды бөлігінің бірі болып саналады, Қазақстан жататын осындай елдерді басқалары танысын деп мемлекет басшысы айтқан болатын. G-GLOBAL жобасы G-8 және G-20 баламасы емес, ал ақпараттық-коммуникативтік алаңы ретінде жүзеге асатын ғаламдық сұхбаттың қосымша құралы. Көптеген жағдайларда қарапайым адамдар ғана емес, сонымен бірге жетекші саяси қызметтері де келіп түскен ақпаратты зерделеп, дұрыс шешімдерді қабылдауға уақыттары болмайды. «Әлем үшін дағдарысқа қарсы шешімдерді іздеуге қатысушылар санын түп негізінен ұлғайтуды ұсынамын. Жаңа коммуникативтік алаңды «G-GLOBAL жобасы» деп атауға ұсыныс беремін. Ол электрондық жүйелік Бреттон Вуд сияқты өмір сүре алады. Ол үшін жұмыс алаңы ретінде Астаналық экономикалық форумы бола алады» - деп, Қазақстан Президенті атап өткен. [2]. 2012 жылы халықаралық қоғамы Азиядағы өзара ықпалдастық пен сенім шаралары жөнінде Кеңесті құру туралы Президент Н.А. Назарбаев ірі бастамасының 20 жылдығын атап өтті. Бұл бастама 1992 жылы БҰҰ трибунасынан ұсынды. Қазақстан өз мемлекеті мен халықтың болашағы үшін жауапкершіліктен бас тартпайды және әлемдік мәселелерді кеңейтуге өз үлесін енгізуге ұмтылады. Қазақстан ғаламдық әлем құрылысына жаңа өмірді жандандыру, әлем үшін дамудың жаңа шектерін ашатын жаңа идеялар мен шешімдердің генераторы болуға батыл міндетін алған ел болды. Бұл Орталық Азияға қатысты барлық мәселелер жиынтығын қарастырған «АҚШ стратегиясы мен оперативтік жоспарлаудағы Орталық Азия» сыртқы саясат анализінің америкалық Институты дайындаған құжатында көбінесе расталады. Сол құжатта баламалы серіктестіктің нұсқасын ұсынған, «құқықтық мемлекетке әлдебір жақын орташа мерзімдік келешегін құруға ең жақсы болжамымен» оны Орталық Азия мемлекеті болып жасаған Қазақстанға көңілді аударуға ұсыныс берілген [3]. Бірінші Президент бастамасының арқасында Еуразия орталығында жаңа, белсенді мемлекеті аймақтық және ғаламдық саясаттың белсенді қатысушысы болды. 2012 жылы тамызда Кембридж Университетінде студенттер және оқытушылармен кездесуінде сөз сөйлей отырып, Мемлекет Басшысы халықаралық экономикалық саясатты және ғаламдық дағдарысқа қарсы шешімдерді іздеуді құрастыру мақсатында G-20 механизміне қосымша ретінде G-GLOBAL елдерінің тобын құру ұсынысы туралы айтқан. Бүгінгі күні G-GLOBAL - бұл «Ғалымдардың Еуразиялық экономикалық клубы» Ассоциациясы құрған, Астаналық экономикалық форумы жанында халықаралық виртуалдық алаңы. «Біздің алдымызда тұрған ауыр міндеттердің шешімдерін іздеуі сарапшылардың үлкен саны қатысуын қажет етеді. Сонымен бірге Кембридж университеті осы процесте маңызды рөлді ойна алар еді», - деп Қазақстан Президенті атап өткен [4]. КСРО құлағаннан кейін Қазақстан реформалар қарқыны және экономикалық дамудың динамикасы бойынша алдыңғы қатарға шыға алды. Екі онжылдық ішінде халық тағдырына ЖІӨ – 700-ден 11 мың долларға дейін 14 есе өсті. Қазақстан 2017-2018 жылдарға БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақсыз мүшесіне өз қандидатын ұсынды. Бұл әлемдік қоғам жағынан Қазақстанға деген сенімділік бар болғанын куәландырады, Президент Н.А.Назарбаевта ғаламдық мәселелерді көтеріп, сол мәселелермен барлық әлемдік қоғамға жолдауымен шығуға мүмкіндік беретін мандаты бар. Үлкен мәселелерді тек жергілікті деңгейде шешу мүмкін емес, сондықтан Қазақстан өз бастамалары туралы хабарлап, белсенді бағдарына ие болды. Тәуелсіз даму тарихының 20 жылы ішінде еліміз сенушілік, ашық болудың және тиімді әрекетінің ғаламдық ауқымындағы қажет стратегиясын ұстанатынын бүкіл әлемге көрсетті. Президент Н.А.Назарбаев ұсынған осы дәл осы ауқым G-GLOBAL инновациялық түсінік ретінде белгіленеді. Президент Н.А.Назарбаев ынталық білдірген алуан-түрлі тәсілдемелері әлемдік экономикалық және саяси кеңістікте елдің әркелкі аймақтары мен бірігу форматтарының айырмашылықтарын анықтайды. Уақыт өте келе барлық осы бастамалар бұрынғы КСРО шегінен тыс шығатын және өз айналасына еуразиялық өркениеттің үлкен кеңістікті қосатын, кең мемлекетаралық бірігуді құрастыратын ең тиімді құралы болып табылады. Қазақстандық бастамасы және Генералдық Ассамблея, БҰҰ қолдауы бойынша Астана қаласында 104 елдің экономикалық ведомстволардың жетекшілерінің қатысуымен Бүкіл әлемдік дағдарысқа қарсы конференция өтті. Осы инновациялық ғаламдық сұхбаттық форматтарға өз көңілін аударып, Нұрсұлтан Назарбаев аса өзекті мәселелерді шешуге өзінің көрушілігін ұсынды. Барлық елдердің мүдделерін сақтауға әлемдік валюта-қаржы архитектурасы эволюциялық жолмен келу керек екені туралы ұсынысы олардың бірі болып табылады. 21-24 қазан аралығында Канада қаласының Квебегінде Парламентаралық Одақтың 127-ші Ассамблеясы өтті. Ядролық қарусыздану саласындағы жаңа бастамаларын, ғаламдық әлемдегі ұлтаралық және конфессияаралық сұрақтарын, адамның құқықтары мен бостандығын қамтамасыз етуін талқылау үшін әлемнің 120 елдерінен 2000-дай делегаттары өкілдік форумында жиналды. Әйгілі әлемдік саясаткерлер, депутаттар Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ауқымдық халықаралық бастамаларын талқылады. G-GLOBAL ғаламдық экономиканың жобасы шетелдік парламентариелердің үлкен мүддесіне ие болды. Осындай түрде бұл коммуникатвитік алаң әлем үшін дағдарысқа қарсы шешімдерді іздеуде қатысушылар санын үлкейтеді. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ғаламдық бастамаларына шетелдік парламентарийлер үлкен мүддесін көрсеткені туралы, Канада экс-премьері Жан Кретьен айтқан болатын: «Мен Қазақстанды жақсы білемін, Президент Нұрсұлтан Назарбаевпен достығымды мақтан тұтамын. Бүгінгі күні барлық әлемге Сіздің ел әйгілі, осының бәрі Сіздің Прездиентіңіздің күш салғаны мен халықаралық беделінің арқасында. Оның бастамалары, әсіресе G-GLOBAL әлемдік экономика үшін үлкен маңызы бар» [5]. Тұрақты және қауіпсіз әлемді құру ісінде өткен форум Қазақстан Президенті Н.А.Назарбаев саясатының негізгі аспектілерін барлық континеттердің парламентарийлеріне бірегей мүмкіндікті жеткізу мүмкіншілігі болып табылады. Халықаралық парламент қоғамының өкілдері қазақ Көшбасшысының ауқымдық бастамасына үлкен мүддесін білдірді. 19 сәуірден 19 мамыр аралығында 160 елдің өкілдері қатысқан G-GLOBAL ақпараттық-коммуникативтік платформасында «Виртуалды VI АЭФ және БДК (Бүкіләлемдік дағдарысқа қарсы конференция)» жобасы іске асырылды. БҰҰ Генералдық Ассамблеясы және G20 ресейлік өкілдіктің қолдауымен форум үшін 68 онлайн-конференциялар өткізілді, 110 ұсыныс, 693 баяндама, 79 ұсыным және БДК үшін 37 ұсыныс алынды. 2013 жылы Бүкіл әлемдік дағдарысқа қарсы конференцияның тақырыбы – «Ғаламдық тұрлаусыздық және экономикалық құлдырауға қарсы әрекеттердің тиімді шаралары». БҰҰ-ға қатысушы –104 елдердің ішінен орталық банктердің жетекшілері, қаржы және экономика министрлері, халықаралық сарапшылары талқылауға қатысты. Конференция нәтижелері бойынша сараптау қоғамы өкілдерінің тобы - Астана декларациясы мен Әлемік дағдарысқа қарсы жоспары құрылды. G-GLOBAL идеясы әлемдік қоғамнан саяси, сарапшылық және іс өрістерінде кең қолдауды алды. Бірнеше ай ішінде Астана форумының коммуникативтік G-GLOBAL Интернет-алаңы ресми сайтында құрылған күн сайынғы келушілер саны 40 есе өсті. 140 елдің 30 мың пайдаланушылары оның тұрақты қатысушылары болды. Жаңа әлемдік экономикалық тәртіптің қалыптасу жолдарының қарқынды желілік ізденімі басталды. G-GLOBAL алаңында талқыланатын сұрақтар интерактивтік пікірталастарда әлемдік экономикалық реформалаудан және валюта-қаржылық жүйеден екпіндеп өсіп жатады. Олармен бірге инновациялық дамудың, ядролық және экологиялық қауіпсіздіктің, этникааралық, дінаралық төзімділік, геосаяси және басқа апектілердің кең мәселелерін талқылайды. Қазақстан Президенті бастамасының нәтижесі бүгінгі күні G-GLOBAL көп кереғар әлемнің әлеуетті біріктіруші идеясы ретінде шығатыны болды. Аз мерзім ішінде бұл идея қжеттілікті көрсетті, себебі геосаясатта және геоэкономикада мемлекет емес субъектілер – халықаралық ҒӨБ, жеке құрылымдар, ұлтаралық компаниялар, саясаттар және әлемнің әр түрлі елдер азаматтарының өскен деңгейін есептейді. G-GLOBAL – бұл әлемді реформалау және әділ, қауіпсіз әлемдік тәртіпті құруға мүдделі барлық елдер, барлық Интернет-кеңістік аймақтары, Әлемдік желінің миллиондаған пайдаланушыларына бағдарланған, ақпараттық дәуірдің өркениетті идеясы. Ол әлемдік қоғамға ХХІ ғасырдағы дүниежүзілік өзара қарым-қатынастың қызықты және тиімді моделін ұсынады. «Ғаламдық жағдайда әлемдік экономиканы рецессиондық тоқыраудан ұлттардың біріккен барлық қоғамы көмегімен шығаруға ғана болатыны белгілі. Мұны бәрі мойындайды. Сондықтан бір апта бұрын Астаналық экономикалық форумында ХХІ ғасырда әлемдік өзара қарым-қатынастардың тиімді моделін әзірлеп, жүзеге асыруға ұсыныс жасадым. Мен оны «G-GLOBAL – Ұлы әлемі» деп атадым [6]. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Санкт-Петербург қаласында G20 Саммитінің сессиясында сөз сөйлей отырып, ғаламдық мәселелері даму себептерінің бірі, экономиканың нақты секторымен байланыспаған және «бос қиялды» көрсететін қаржы құрылысының шалқып дамуы болады. Көптеген дамып келе жатқан елдер маңызды әлемдік шешімдерді қабылдаған кезде іс жүзінде көңіліне алмайтынын мемлекет Басшысы атап өткен болатын. «Қазақстан да жататын елдерге басқалары көңіл аудару үшін екі жыл бұрын G-GLOBAL жобасын жасалынды. Бұл G8 және G20 баламасы емес, ал инфокоммуникативті алаң сияқты жүзеге асатын ғаламдық сұхбаттың қосымша құралы» [7]. G-GLOBAL коммуникативтік Интернет-алаңы аясында бүгінгі күні оның миллиондаған пайдаланушылары ХХІ ғасырда жаңа әділ әлем құрылғысын қалыптастыру сұрақтары бойынша сұхбаттарды жүргізеді. Орталық Азиядағы тұрақтылық көкейкесті сұрақтардың бірі болып табылады. Келе жатқан дәуірдің талаптарын жекелей жеңу мүмкін емес. G-GLOBAL бойынша Н.А. Назарбаев бастамасының мәні - әділ және қауіпсіз әлем құрылғысын құру ісінде барлық күштерді біріктіру. Қазақстан танылған, динамикалық мемлекет ретінде жаңа жүз жылдықта тиімді әлем құрылғысын өз көрегендігін қалыптастырды. G-GLOBAL – бұл ең алдымен, ХХІ ғасырдың барлық әлемге ұсынылатын, ғаламдық сұхбаттың жаңа форматы, жоғары «геосаяси математикасы». Н.А. Назарбаев пікірі бойынша G-GLOBAL – бұл көп жақты шарттарда әлем құрылғысының бес қағидаты: Эволюция және саясатта төңкерістік өзгерістерден бас тарту; Әділеттілік, теңдік, бәтуаластық; Ғаламдық төзімділік пен сенімділік; Ғаламдық ашықтық; Конструктивті көп жақтылық ХХІ ғасырда көптеген ғаламдық мәселелер бойынша шешімдердің сәтті ізденімі мүмкін. G-GLOBAL –бұл қауіпсіз және ХХІ ғ. дамып келе жатқан әлемнің бес қиыстырушысы. Жүйелі түрде олар жоғарыда аталған Қазақстанның барлық негізгі халықаралық бастамаларын бейнелейді. Бұлар: Әлемдік қаржы-экономикалық жүйені реформалаудың кешенді жобасы; Ядролық қарусыз әлем; Әлемдік және дәстүрлік діндердің құрылтайы; ЕуроАтлантикалық және ЕуроАзиаттық қауіпсіздіктің бірыңғай аймақтық платформасы; Ғаламдық энергетикалық стратегия мен «Жасыл көпір». Барлық осы бастамалар БҰҰ-да және басқа халықаралық ұйымдарда талқыланады, басқа елдермен біздің жан-жақты және екі жақты келіссөздер жалпы әлемдік сұхбаттың бір бөлігі болды. Олардың көбі тәжірибеде жүзеге асады. Нобель лауреаттары, ғаламдық саясаттың ардагерлері, сарапшылар Қазақстан Республикасының Президенті Н.А. Назарбаев бастамасын қолдау туралы хабарлады. Ол туралы көптеген саяси көшбасшылар позотивті түрде айтады. Миллиондаған пайдаланушылар G-GLOBAL сайтын қарады. Толығымен алғанда G-GLOBAL – бұл әлемнің даму жолдарын ғаламдық іздеуге Қазақстанның қосқан үлесі [8]. Қазақстан Республикасы егеменді мемлекетін қалыптастырған және дамытқан уақыт ішінде, сонымен бірге 2010 жылы ЕҚЫҰ-да төрешілдігінен кейін де әйгілі әлемдік сұхбаттық алаң болып қалыптасты. Сол уақытта Астана днестр бойы жанжалы мен басқа мәселелер қатарын шешуде маңызды өзгерістерге жете алды. Басқа белгілі жағдайлар арасында – исламдық ынтымақтастықты ұйымдастыруда Қазақстанның саммит пен төрешілдікті өткізуі (2011 жыл) және «5+1» форматында иран ядролық бағдарламасы бойынша Алма-Атыда келіссөздерді өткізу бастамасы. Бірінші келіссөз осы жылдың ақпан айында болды, ал екіншісі қыркүйекте болу мүмкін [9]. Қазақстан бастамасы бойынша құрылған G-GLOBAL коммуникативтік алаңы өзінше жариялық дипломаты болды. G-GLOBAL бір жақты ақпаратты жіберу емес, ал барлық әлеммен шешуді талап ететін адамзаттың аса маңызды ғаламдық мәселелері бойынша сұхбатты жүргізу. Көп ғасырлық тарихы бар мемлекеттік даму үлгісі ретінде алдағы бүкіләлемдікЭКСПО-2017 көрмесі болады – бұл ұлттардың технологиялық-инновациялық және тарихи-мәдениеттік дамудың ерекше апофеозы. Қазақстанның жаңа тарихы өзіне үш транзиттің барлық қиыншылықтары мен қарама-қайшылықтарын алды: қазіргі нарықтық экномиканы құрастыру, демократиялық реформаларды өткізу және адамдардың санасын өзгерту. Саяси, экономикалық дамудың негізгі кезеңдерінің талдауы және ұлттардың рухани жандануы ХХІ ғасырдағы Қазақстанның екінші декадасы ХХ ғасырдың соңғы жылдарындағы еліне ұқсас еместігін көрсетеді.
М.Л. Анафинова, ф.ғ.к.,
МТИ б.ғ.қ
Abai.kz