Бейсенбі, 26 Желтоқсан 2024
Жаңалықтар 5566 0 пікір 31 Мамыр, 2010 сағат 06:38

Ағымдағы жылдың 5 айында Шығыс Қазақстанның әр деңгейіндегі 13 шенеунігі жемқорлығы үшін сотталды

Өскемен. 31 мамыр. ҚазТАГ - Жыл басынан бері Шығыс Қазақстан облысындағы әр түрлі деңгейдегі шенеуніктерінің 60%-дан астамы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары үшін ескерту не сөгіс түріндегі жауапкершішікке тартылды. Бұл туралы Шығыс Қазақстан облысының прокуроры Қабдолла Төлегенов хабарлады.

«Былтыр жемқорлық бұзушылықтары үшін жауапқа тартылған 353 шенеуніктің 255-і сөгіспен жазаланды. Бұл ретте олардың 60%-ы әр түрлі деңгейдегі мемлекеттік органдардың жетекшілері. Меніңше оларға қолданған ықпал ету шаралары тым жұмсақ», - деді өңір прокуроры.

Қ.Төлегеновтің айтуынша, былтыр жемқорлығы, негізінен пара алу мен заңсыз пайда көргендері үшін қылмыстық жауапкершілікке барлығы 25 адам тартылған. Биыл тағы 13 адам сотталды. Былтыр әкімшілік жауапкершілікке облыстық деңгейдегі 17 шенеунік, 24 аудандық және қалалық әкімдік шенеуніктері, 60 аудандық мемлекеттік мекеме қызметкерлері тартылды. Бұл ретте бұзушылықтардың жартысы мемлекеттік сатып алуларға, құрылыс, тұрмыстық-коммуналдық шаруашылық, көлік, білім беру, денсаулық сақтау салаларына келеді.

«Былтыр «Ауыз су» бағдарламасымен істелмеген жұмыстарды қабылдағаны үшін Ұлан ауданының құрылыс бөлімінің бастығы жұмыстан алынды, Тарбағатай аудандық құрылыс бөлімінің бастығы қатаң ескерту алды. Жеке фирмалардың біріне негізсіз бүйрек бұрғаны үшін және конкурсты ұйымдастыруда жіберген дөрекі қателіктері үшін жолаушылар көлігі мен автомобиль жолдары облыстық басқармасының бастығы мен Семейдің құрылыс бөлім бастығы жұмыстан қуылды. Көктемгі егін себуге субсидия бөлгенде фермерлердің біріне негізсіз бүйрек бұрып, алалағаны үшін Үржар ауданының әкім орынбасары тәртіптік ескерту алды», - деп мысал келтірді Қ. Төлегенов.

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2036