Сейсенбі, 29 Сәуір 2025
Жаңалықтар 3083 0 пікір 15 Қараша, 2015 сағат 11:52

РЕСЕЙДЕН ЗАҢСЫЗ ТАУАР ӘКЕЛГЕН ЖҮРГІЗУШІ ҰСТАЛДЫ

Ақтөбе шекара отрядының «Әлімбет авто» көліктік-шекаралық бақылау бөлімшесінде (Қазақстан – Ресей шекарасы) бүгін түнгі сағат 2-лер шамасында КамАЗ автокөлігімен Ресейден біздің елге қарай, салмағы 720 кг «Су өткізбейтін суық битумды мастика», 1440 кг. «Жабындылық мастика», 1440 кг. «Су өткізбейтін (гидроизоляциялық) мастика», 6384 кг. «Унифлекс», 3588 кг. «Унифлекс ТКП» жүгін заңсыз әкеле жатқан, 1977 жылы туған Қазақстан азаматы ұсталды деп хабарлайды ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі.

Бұл азаматтың ісін құқық қорғау органдары Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 197 бабының 1 бөлімі (Мұнайдың және мұнай өнiмдерiнің шығарылу заңдылығын растайтын құжаттарсыз оларды тасымалдау, иемдену, өткiзу, сақтау, сондай-ақ мұнайды қайта өңдеу) бойынша қарастыратын болады.

Абай-ақпарат  

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 2485
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 5416
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 4700