Сенбі, 23 Қараша 2024
Билік 8692 1 пікір 11 Қараша, 2015 сағат 03:00

"ДЭН СЯОПИН" ҚАЗАҚША СӨЙЛЕЙДІ...

2015 жылдың 13 қарашасында Алматы қаласындағы Ұлттық кітапханада «Орхон» баспа үйі шығарған «Ұлы реформатор – Дэн Сяопин» атты кітаптың тұсаукесері өтеді, - деп хабарлайды Абай-ақпарат.

Әлемнің Ұлы тұлғаларын қазақ ұлтына таныстыру мақсатында сериялы кітаптар шығару идеясының авторы белгілі жазушы Дидахмет Әшімханұлы болатын. Ол кісі «Ұлы реформатор – Дэн Сяопин» атты осы кітаптың жарық көруі үшін Қытайдағы "Ұлттар" баспасының директоры Ю Бинши мырзамен келісім жасап, негізгі шаруаны өзі атқарып кеткен болатын. 

Қытай Халық Республикасының ұлы реформаторы Дэн Сяопин жайлы кітап тұңғыш рет қазақ тілінде шығып отыр. Кітап Бейжіңдегі «Ұлттар» баспасы және Қазақстандағы Қытай елшілігінің тікелей қолдауымен жарық көрді. Тұсаукесерге елімізге белгілі саясаткерлер, зиялы қауым және «Ұлттар» баспасының өкілдері мен Қытай Халық Республикасының Қазақстандағы Елшілігінен арнайы қонақтар қатысады.

Дэн Сяопин бүгінгі Қытай елінің Социалистік мемлекет болып қалыптасуына, әлемдік геосаясаттан өз елінің лайықты орын алуына және экономикасының қарыштап өрлеуіне ұшан-теңіз еңбек сіңірді. Сондай-ақ, ол Аспан асты елін дамыған мемлекеттер қатарына енгізу арқылы қытай ұлтының ұлттық көсеміне һәм әлемдік тұлғаға айналды. Әлемдік деңгейдегі реформаторды қазақ оқырмандары да танып білуі қажет. Сол мақсатта жарық көрген бұл жинақты Қытайдың «Ұлттар» баспасының мамандары қазақ тіліне аударып, кітап болып басылуына ерекше көмек көрсетті.

Кітап саясаттанушыларға, ғалымдарға, тарихшыларға, студенттерге және жалпы оқырман қауымға арналған.

Болашақта "Орхон" баспасыбасқа да әлемдік тұлғалар жайлы кітаптар сериясын шығаратын болады. 

Шараның өтетін орны: Қазақстан Республикасы Ұлттық Кітапхана, Алматы қаласы, Абай даңғылы 14. Абылай хан даңғылының қиылысы. 

 Уақыты: 2015 жылдың 13 қараша, 1000-де басталады.

Қосымша мәліметтерді мына телефондар арқылы ала аласыз: 394-42-04, +7 701 292 85 77, +7 705 133 25 25.

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5373