Жұма, 22 Қараша 2024
Не дейді?! 6389 0 пікір 30 Қазан, 2015 сағат 13:22

ДАДАЕВ ПУТИНГЕ АДАЛДЫҒЫН СИРИЯДА СОҒЫСЫП ДӘЛЕЛДЕМЕК


Жақында ресейлік оппозиционер Борис Немцовты өлтірді деген күдікпен қамауға алынған Заур Дадаев Ресей Президенті Владимир Путиннің атына ашық хат жолдаған. Хатта Заур Дадаев өзінің РФ-ға адал екендігін айтып,  Президенті  мен отанының  алдында патриот екенін  дәлелдеу үшін РФ Қарулы күштерінің сапында Сириядағы ИМ-ге қарсы әскери операцияларға қатысуға мүмкіндік беруін сұраған.  Бұл туралы Abai.kz порталы  «Веремя» газетіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.


Борис Немцовті өліміне күдіктілердің бірі Заур Дадаев өзінің Ресей Президентіне жолдаған хатында «Құрметті Президент мырза, маған тағылған нақақ айыптауларға қарамастан, мен өзімнің Отаныма деген патриоттығымды және сізге деген  адалдығымды дәлелдеуге әзірмін. Егер  қажет деп тапсаңыз, мен сіздің позицияңызды қолдап, Сириядағы террористерге қарсы компанияға қосылсам деймін. Сізден өзімнің кінәсіз екенімді дәлелдеуге мүмкіндік беруіңізді сұраймын», - деген.

Сондай-ақ, ол РФ Президенті Владимир Путинге әлемдегі терроризммен күресі үшін ризашылығын білдірген.

Басылымның мәліметтеріне сүйенсек, Заур Дадаев Президентке жолдаған хатында өзінің Борис Немцов қазасына ешбір  қатысы жоқ екенін, нақақ қамалғанын айтқан. Ал кінәні өз еркімен мойындауын ол өзіне күш қолданылғаны арқылы түсіндірген.

«Егер мен сол кезде кінәні өз мойныма алмағанда, маған және менің отбасыма қауіп төнетін еді. Сонымен қатар, құзырлы орган өкілдері маған физикалық күш көрсетіп, менің ұлттық ұстанымдарыма, менталитетіме  және дініме қайшы келетін шаралар қолданатын еді.  Егер тергеушілер айтқандай шараларды дәл маған қолданса, мен әрмен қарай өмір сүре алмайтын едім. Сондықтан амалсыздан, протоколға қол қойып бердім. Енді ақиқатын айтатын сәт келді. Біздің елдің құқық қорғаушылары әлі күнге дейін шын қылмыскерді таба алмағаны ма?», - дейді Заур Дадаев.

Үстіміздегі жылдың сәуір айында Заур Дадаев ресейлік оппозиционер, саясаткер Борис Немцовты өлтіргенін мойындағаны туралы ақпарат тараған болатын.

Заур Дадаев өзінің РФ Президентіне жолдаған хатын: «Егер мен шешен болсам, менің қылмыскер болуым керек деген сөз емес қой. Мен өзімнің осы елдің патриоты екенімді өмір бойы айтып келемін. Мен шешендер де ресейлік екенін, осы елдің заңына бағынатынын талай рет дәлелдеген болатынмын. Ендігіде мен өзімнің кінәсіз екенімді, ешқандай адамды өлтірмегенімді, өз отаныма адал екенімді дәлелдеудің жалғыз жолы – Ресей үшін, Отаным үшін майданда қаза табу! Маған осы ретте мүмкіндік беруіңізді сұраймын, құрметті Президент мырза!», - деп түйіндеген.

Айта кетейік, ресейлік оппозиция өкілі, саясаткер,  55 жастағы Борис Немцовты белгісіз біреулер 2015 жылдың 27-ақпанында Кремльдің алдында атып кеткен болатын. Қазіргі таңда, саясаткер қазасына қатысы бар деген күдікпен 5 бірдей шешен азаматы қамауға алынған. Тергеу нәтежиелері көрсеткендей, Немцовқа оқ атқан – дәл осы Заур Дадаев болған.

Сондай-ақ, Немцов қазасына Шешенстан Республикасының Президенті Рамзан Қадыровтың жақын серігі Руслан Геремеевтің де қатысы бар деген күдік расталған. Тіпті, кейбір деректер  Немцовты өлтіруге тапсыр беруші  – Геремеев екенін көрсеткен.

Ал саясаткердің қызы Жанна Нецова әкесінің қазасына Шешенстан Презмденті Рамзан Қадыровтың да қатысы бар деп есептейді.

Нұргелді Әбдіғаниұлы

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1457
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3225
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5279