ОҚО: ЕЛІМІЗДЕГІ ЕҢ ҮЛКЕН ОЙЫН-САУЫҚ ОРТАЛЫҒЫ САЛЫНАДЫ
Облыс әкімі Б.Атамқұлов пен инвесторлар арасында жүргізілген кездесу нәтижесінде, Шымкент қаласында жалпы аумағы 38,0 га жер телімінде Қазақстанда ең үлкен «Shymkent mall» сауда-ойын сауық кешені салынатын болды, - деп хабарлайды ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.
Орталық 38 гектар жерде орналасатын болады. Оның аумағы — 120 мың шаршы метр. Жаңа сауда орталығында отбасылық демалысқа арналған көптеген нысандар салынады.
Бұл жерде дүкендер, гипермаркет, кинотеатр, балалар ойын-сауық паркі, фуд-корт болады. Шымкент үшін үлкен жаңалық болғалы отырғаны — 15 мың шаршы метр аумақты алатын жабық аквапарк пен 40 мың шаршы метрлік фешн-галерея.
Еліміздегі ең үлкен кешеннің құрылысына шамамен 42 млрд теңге кетеді деп жоспарланып отыр. Барлық жұмыстар аяқталған соң ол жерге 4 мыңдай адам жұмысқа алынады. Одан бөлек, кешеннің маңайында күніне 350 жолаушыға бір уақытта қызмет ете алатын 8 платформалы автовокзал салынады.
Жалпы ауданы 120,0 мың шаршы метрді құрайтын Cауда-ойын сауық кешенінде бірқатар қызмет көрсету нысандары орналастырылады.
Атап айтқанда:
- гипермаркет - 10,0 мың шаршы метр;
- дүкендер - 10,0 мың шаршы метр;
- кинотеатрлар» - 4,0 мың шаршы метр;
- балаларға арналған ойын-сауық паркі - 3,5 мың шаршы метр;
- аквапарк - 15,0 мың шаршы метр;
- 3000 адамға арналған фуд-корт орындары;
- электроника дүкендері» - 2,5 мың шаршы метр;
- заманауи фешн галереясы» - 40,0 мың шаршы метр, сонымен қатар, 3500 авто көлікке арналған автотұрақ қамтылатын болады.
Жобаға жалпы соммасы 42,0 млрд.тг құрайтын жеке инвестиция тартылады және 4000 жаңа жұмыс орындары ашылатын болады. Бұдан бөлек, кешенде 8 платформадан тұратын және бір уақытта 350 жолаушыны қабылдайтын автовокзал жұмыс жасайтын болады. Кешен заманауи тенденцияларды ескере отырып, жобаланған және орналасқан қала аумағы инфрақұрылым жүйелерімен толық қамтылып, қала тұрғындарына тиімді, қол жетімді жаңа форматтағы сапалы қызмет көрсететін болады. «Shymkent mall» Шымкент қаласының шырайын аша түсіп, еліміздегі ең ірі қайталанбас сауда орталығы болмақ. Көрсетілетін қызметтердің жоғарғы деңгейге көшуіне оң ықпалын тигізетін болады.
Abai.kz