Жұма, 25 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 10407 0 пікір 14 Қазан, 2015 сағат 10:33

РЕСЕЙ ЕЛШІЛІГІНЕ ЗЫМЫРАН ТҮСТІ

Сирия астанасы Дамаскіде Ресей елшілігіне екі зымыран түсті. Зымыран түскен мезгілде Сирия билігін жақтайтын демонстранттар Мәскеудің Сириядағы шабуылдарын қолдап акция өткізіп жатқан.

Кейбір ақпараттар бойынша, алғашқы зымыран елшіліктің бір бөлігіне түсіп, жиналған жұртты дүрліктірген. Жиналғандар жан-жаққа қаша бастағанда сол маңға екінші зымыран түскен.

Ресей елшілігі төтенше оқиғадан құрбандар жоғын хабарлады.

France Press агенттігінің хабарлауынша, зымыран соққысы жасалған кезде елшілік алдында 300-дей адам жиналып тұрған.

Дамаск маңындағы оппозицияшыл көтерілісшілер бұған дейін елшілікке шабуыл жасаған. Бірақ бүгінгі зымыран соққысы демонстрацияны нысананы алғаны, я басқа мақсатта жасалғаны белгісіз.

«Әл-Қаиданың» Сириядағы бөлімшесі «Нусра майданы» ұйымының басшысы 12 қазанда Ресей шабуылдарынан сүннит мұсылмандары қаза болып жатқанына кек алуға шақырған.

Ресей 30 қыркүйекте Сириядағы көтерілісшілерге қарсы әуе шабуылдарын бастаған.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1462
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 3078
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 1088
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 1015