Сенбі, 23 Қараша 2024
Билік 3431 0 пікір 14 Қазан, 2015 сағат 02:00

ОҚО: ШЫМКЕНТТЕ «MACHTEX 2015» КӨРМЕСІ ӨТТІ

Шымкенттің «Көрме орталығында» «Тоқыма өнеркәсібіне арналған тауарлар мен жабдықтар» – «MACHTEX 2015» Қазақстандық Халықаралық көрмесі мен Форумы өтті. Оған отандық тауар өндірушілерден бөлек, Корея, Польша, Ресей, Украина және Түркияның кәсіпорындары қатысып, жеңіл өнеркәсіпке арналған жабдықтар мен өнімдерін қойды, - деп жазады "Оңтүстік Рабат" газеті.


Сондай-ақ қызметтерін ұсынып, елдегі жеңіл өнеркәсіпті қалпына келтіру жолдары мен оны дамытудың жаңа мүмкіндіктері талқыланды. Шараға ҚР жеңіл өнеркәсіп өндірушілер одағының төрайымы Сәуле Шәуенова, ҚР «Атамекен» ҰКП атқарушы хатшысы Евгений Больгерт, «NADLoC» жергілікті қамтуды дамыту ұлттық агенттігі» АҚ басқармасының төрағасы Қайрат Бектұргенов пен жергілікті және шетелдік тауарөндірушілер қатысты. Форумда алдағы бес жылдықта елдегі жеңіл өнеркәсіпті дамытудың жолдары мен оған тартылатын инвесторлар туралы айтылып, өңірдегі дайын өнімді шетелге экспорттау мәселелері талқыланды. Жиында, әсіресе, Оңтүстік Қазақстанда мақта-тоқыма кластерін дамытудың түрлі жолдарына ерекше назар аударылды. Киімнің қазақстандық брендтерін қалыптастырып, оны жеткізушілерден мемлекеттік тапсырыспен алу жүйесін құрудың жай-жапсары сөз болды. Облыстық кәсіпкерлік, индустриялды-инновациялық даму және туризм басқармасының басшысы Бауыржан Омарбековтың айтуынша, өңірдегі жеңіл өнеркәсіпті дамыту саласында айтарлықтай ілгерілеушілік бар. Жыл басынан бері аймақта аталған сала бойынша 15,4 миллиард теңгенің өнімі өндіріліп, жалпы көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда екі есеге артқан. Оның ішінде тоқыма өндірісінің өнім көлемі 12,4 миллиард теңгені құрады. Демек, халықаралық көрме мен форум отандық және шетелдік кәсіпкерлер тоқыма саласында әріптестік орнатуға, жеңіл өнеркәсіптің одан әрі дамуына жол ашады. Екі күндік шарада «NADLoC жергілікті қамтуды дамыту жөніндегі ұлттық агенттігі» кәсіпкерлер үшін семинар ұйымдастырып, «Қазақстанда жасалған – Сделано в Казахстане» атты бірыңғай логотиптің таныстыру рәсімін жасады. Сондай-ақ, қазақстандық дизайнерлердің қолынан шыққан әйелдер мен ерлердің және балалар киімдерінің көрсетілімі өткізілді.

Айнұр Ақбаева

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1480
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3253
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5475