ПАРАҚОРДЫ "ПІШТІРУ" КЕРЕК ПЕ?
Қазақстан Мұсылмандар одағы және Орталық Азиядағы адам құқықтары бойынша мұсылмандар комитеті жемқорларға тағайындалатын жазаны қатаңдатуды ұсынды деп мәлімдейді ҚМО баспасөз қызметі.
Бұл туралы zakon.kz-ке сілтеме жасап NUR.KZ хабарлайды.
Ұсыныс парламент мәжілісі «Жемқорлықпен күрес» туралы заң жобасын мақұлдауына орай туындаған.
Олардың ойынша, түрмеге тоғытып, мүлкін тәркілеу ел бюджетін жымқырғыш шенеуніктерді тоқтата қоймайды.
Сол себепті ҚМО жемқорлықпен күрестің төтенше тәсілін қолдануды ұсынуда:
1. 1 млн теңгеден артық жымқырса, қамшымен, таяқпен және дүре таяқпен ұру;
2. 2 млн теңгеден артық жымқырса, торға қамаулы күйде көшеге шығарып, көпшілік алдында масқара ету;
3. 5 млн теңгеден артық жымқырса, қыздырылған темірмен денесіне таңба салу;
4. 10 млн теңгеден артық жымқырса, биоәжетханаларға басымен кіргізу;
5. 20 млн теңгеден артық жымқырса, құлағы мен тілін кесу;
6. 50 млн теңгеден артық жымқырса, піштіру;
7. 100 млн теңгеден артық жымқырса, қылмыскерді салт аттыларға, бульдозерлер мен көліктерге байлап, денесін төртке бөлу;
8. 200 млн теңгеден артық жымқырса, қылмыскерлерді жоғарғы қабаттардан лақтыру;
9. 500 млн теңгеден артық жымқырса, аш арыстандардың торына кіргізу;
10. 1 млрд теңгеден артық жымқырса, қалалық алаңда трактормен таптау;
11. 2 млрд теңгеден артық жымқырса, қайнаған қазанға лақтыру;
12. 5 млрд теңгеден артық жымқырса, барлық тесіктеріне күміс құю;
13. 10 млрд теңгеден артық жымқырса, қазыққа қадау, тағысын тағылар.
Abai.kz