Жұма, 27 Желтоқсан 2024
Жаңалықтар 3916 0 пікір 7 Қазан, 2015 сағат 15:39

УКРАИНАДА СЕПАРАТИСТЕР САЙЛАУ ӨТКІЗБЕЙДІ

Украинада сепаратистер сайлау өткізбейтіндерін мәлімдеді.

Өздерін өздері жариялаған Донецк халықтық республикасы (ДХР) мен Луганск халықтық республикасы (ЛХР) жергілікті басқару органдарына сайлау өткізбейтіндерін мәлімдеді. Алдын сепаратистер Украинаның Донецк және Луганск облысында 18 қазан мен 1 қарашада сайлау өтеді деп жариялаған болатын.   

ДХР мен ЛХР өкілдері Владислав Дейнего мен Дениса Пушилин мұндай шешімді  Парижде өткен «нормандық төртеудің» саммитінен кейін қабылдағандықтарын айтады. Олар бұл уақытта Украина өзіне жүктелген міндеттемелерді орындауы тиіс дейді. Атап айтқанда – Донбасқа ерекше мәртебе беру. Донецк пен Луганск аумағындағы оқиғаға қатысқандарды заңмен қудаламау, сонымен бірге өздерін өздері жариялаған республика өкілдерімен келіскендей, Конституцияға өзгерістер енгізу. 

Украинада жергілікті билікті сайлау 25 қазанда өтеді. Қыркүйек айының соңында сепаратистер Донбаста сайлауды 2016 жылдың 21 ақпанында өткізуді ұсынған болатын.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2052