Жұма, 22 Қараша 2024
Қаза 8827 0 пікір 27 Қыркүйек, 2015 сағат 19:25

ҚАНДЫ ҚАЖЫЛЫҚ: КІНӘЛІ КІМ?

Меккенің іргесіндегі Мина жазығында болған қайғылы оқиғадан қаза тапқандар саны 769-ға жетті. Бұдан басқа, 934 адам жарақат алған. Мұндай ресми мәліметті Сауд Арабиясының денсаулық сақтау министрлігі жария етті. Ал әлемдік ақпарат құралдары қаза болғандардың санын одан да көп екенін, 2 мың адамға жеткенін айтады.

Ал осы елдің ішкі істер министрлігі қажылық рәсімдерін орындау барысындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін тағы жүз мың қызметкер бөлген. Естеріңізге сала кетейік, қайғылы оқиға 24-ші қыркүйекте Мина жазығында шайтанға тас лақтыру рәсімін атқару кезінде болған. 

«Біз көптеген құрбандардың денесін туыстарына бердік. Жерлеуге дайындық басталып кетті. Бұл жұмыстар қайғылы оқиғадан кейін 2 күн ішінде тез қолға алынды. Бірақ әлі  жеке басы анықталмаған марқұмдар бар. Тиісті қауіпсіздік органдары мен сот-медицина қызметкерлері қайғылы оқиғаның себептерін әлі тергеп жатыр», - дейді Сауд Арабиясының Денсаулық сақтау министрі Халид Әл-Фалиһ.

Айта кетейік, біздің елімізден қажылық парызын өтеуге барған қазақстандық 78 жастағы М.Мансұрова есімді қария жүрек ауруынан жергілікті емханалардың бірінде ем жүргізу барысында көз жұмды. 1937 жылы туған әже егде жастағы денсаулығы мен жағдайына қарамастан жалғыз келген екен.  Қазақстан Қажылық Миссиясы бұдан былай егде жастағы қарияларды жақын туыстарынсыз қажылыққа жібермеу туралы талап қояды.

Шетелдік БАҚ Минадағы жүздеген қажылардың қазасына Ираннан келген шейіттердің легі себепкер деген болжамдарын жариялады. Эр-Рияд бұл жантүршігерлік жағдайды ирандықтар қасақана ұйымдастыруы мүмкін екенін тергеуде.

Бұл туралы kavkazcenter.com-ға сілтеме жасап NUR.KZ хабарлады.

7 тамызда Йемендегі хусит-шейіттердің басшыларының бірі осы жылдағы қажылық «ірі оқиғаларымен есте қалатынын» мәлімдеген болатын.

Куәгерлердің айтуынша, оқиға орнында кептелістің орын алуы мен ирандық қажылардың ірі легінің келу уақыты бірдей болған. Минадағы араб секторынан өткен ирандықтар тәртіпке бағынудан бас тартқан. «Кептеліс болудың алдында ирандық қажылар тәртіпке бағынудан бас тартып, бізбен жүздескенде ұрандатуға кірісті», — дейді қажылық бойынша ресми өкілдердің бірі журналистерге.

Иран бірден жауапкершілікті Сауд Арабиясының мойнына жүктеді. Ал саудтық БАҚ өз кезегінде ирандықтардың Меккеде жыл сайын саяси акциялар ұйымдастырып, өзге қажыларды жанжалға итермейлейтінін жазған.

Ондағы ақапартқа сәйкес, ирандық шейіттер Африкадан келген қажыларға да белсенді үгіт-насихат жүргізіп, Иранда оқу мен жұмыс ұсынады екен. Бұдан бөлек ирандықтар әр қажылық маусымы сайын өздерімен жалған Құранды әкеліп, қажылар арасында таратып жататыны жазылған.

Сауд БАҚ-ы 7 тамызда Йемендегі хусит-шейіттердің басшыларының бірі Мухаммад Мукалиханың Facebook парақшасындағы жазбасына баса назар аудартты: «Осы жылы қажылықта тарихта болмаған жайттар орын алады… Алла сіздерге қажылық бітпей жатып, Арафат күнінен кейін жеңіс сыйлайды», — делінген жазбада.

Араб басылымдары 1987 жылғы қажылықтағы қанды оқиғаға және 1989 жылғы Муайсим үңгіртауында мыңдаған қажыларды улы газбен өлтіруіне ирандық шейіттердің тікелей қатысы болғанын алға тартты.

Бейсенбі күні болған осы жантүршігерлік жағдайды әлемдік БАҚ "соңғы 25жылдағы ең қанды қажылық" деп бағалады. 

ТАРИХТАҒЫ ҚАНДЫ ҚАЖЫЛЫҚТАР

1.Мекке. Сауд Арабия. 2015 жылдың 24-қыркүйегі.

Мұсылмандардың қасиетті орны Мина жазығындағы қажылық рәсімі кезінде 700-ден астам  адам қаза тапқан. Сонымен қатар, 200-ден астам қажы ауруханаға жеткізілген. Ресми деректерде  олардың 66-сы әйелдер деп көрсетілген. (сурет 1)

 

2. Керала. Үндістан. 2011 жылдың 14-қаңтары.

Үндістердің Сабаримале діни рәсімі кезінде 102 адам тапталып, қаза болған. Бұл діни рәсімге жыл сайын 50 миллион адам қатысады. (сурет 2)

3. Пномпень, Камбоджа. 2010 жылдың 22 қарашасы.

Жергілікті халықтың жыл сайынғы су мерекесі кезінде Тонлесал өзеніндегі көпірде нөпір астында 375 адам қалып қойған. (сурет 3)

4.Раджастан. Үндістан. 2008 жылдың 30-қыркүйегі.

Раджастанның Джохопур тауындағы ғибадатханада Шакти Дэви рәсімі кезінде 25 мың адамның аяғының астына 220 тәуапшы қаза болған. (сурет 4)

 

 5.Химачал-Прадаш. Үндістан. 2008 жылдың 3-тамызы.

Найна Дэви ғибадатханасында 140-тан астам адам аяқ астында езіліп, өлім құшқан. (сурет 5)

6.Мина. Сауд Арабия. 2006 жылдың 12-қаңтары.

Қажылық сапары кезінде 450 адам Жамарат көпірінде ажал құшқан.(сурет 6)

 

7.Бағдат. Ирак. 2005 жылдың 31-тамызы.

Имам Муса әл-Қазимаға тауап етуге жиналған 1000-нан астам шиит мұсылмандары Тигр өзеніне батып, жартысы тапталып өлген. Қаза тапқандардың басым көпшілігі әйелдер мен балалар болған. (сурет 7)

8.Махараштра. Үндістан. 2005 жылдың 25- қаңтары.

Ратангарх қаласы маңындағы  Мандула Дэви ғибадатханасында 300-ден астам Дурга Пурджа мейрамында халық аяқ астаны тапталып, қаза тапқан. (сурет 8)

 

 

9. Мина. Сауд Арабия. 2004 жылдың 1-ақпаны.

Шайтан қабырғасына тас лақтыру рәсімі кезінде  250-ден астам қажыны нөпір халық таптап кеткен.(сурет 9)

 

 10.Аккра. Гана. 2001 жылдың 1-мамыры.

Аккра қаласындағы стадионында жергілікті Accra Hearts of Oak және Asante Kotoko футбол командалары арасындағы ойын кезінде 126 адам ығы-жығы халықтың аяғының астына тапталып қалған. (сурет 10)

11.Мина. Сауд Арабия. 1998 жылдың  9-сәуірі.

Шайтан қабырғасына тас лақтыру рәсімі кезінде  120 қажыны нөпір халық таптап кеткен және 180 қажы ауруханаға түскен.( сурет 11)

 

 12.Мекке. Сауд Арабия. 1990 жылдың 2-шілдесі.

Кезекті қажылық кезінде 1426 адам тапталып, қаза тапқан.

 

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1457
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3225
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5279