АЛМАТЫДА МИТИНГ ӨТКІЗУГЕ РҰҚСАТ БЕРМЕДІ
Алматы әкімдігі 27 қыркүйекте «Сарыарқа» кинотеатры артындағы саябақта теңгенің құнсыздануына қарсы митинг өткізуге рұқсат бермеді, - деп хабарлады қоғам қайраткері Әміржан Қосанов Facebook парақшасына.
Оның сөзінше, мұндай шешімді әкім орынбасары Зәуреш Аманжолова қабылдаған. Ол мұны дәл сол күні, сол алаңда Қазақстанның студенттер альянсы шара өткізбекші деп түсіндірген.
Енді Әміржан Қосанов өзге де митингті ұйымдастырушылармен кеңесіп, әрі қарай қандай қадамға баратындықтары жөнінде шешім қабылдайтынын айтты. Ал Алматы әкімдігінің ішкі саясат басқармасының баспасөз қызметі бұл уақытта 27 қыркүйекте бірінші курс студенттерінің онкүндігі өтеді деп хабарлап жатты.
Абай-ақпарат