Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 4089 0 пікір 23 Қыркүйек, 2015 сағат 14:04

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ МИГРАНТТАРДЫҢ АРАСЫНДА ҚЫТАЙЛАР КӨП

Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Біржан Нұрымбетов сейсенбі күні Астанада өткен босқындарды қорғау және халықаралық миграция бойынша Алматы процесінің лауазымды өкілдерінің екінші кездесуінде Қазақстанға келетін еңбек мигранттары саны бойынша Қытай, Түркия, Өзбекстан, Сербия және Үндістан алда тұрғанын хабарлады.

Нұрымбетовтің айтуынша, 2010 жылдан бері Қазақстандағы еңбек мигранттары саны бойынша Қытай Түркияны басып озып, бірінші орынға шыққан. Шенеунік мұны Қазақстандағы инвестициялық жобалармен, соның ішінде Батыс Еуропа - Батыс Қытай халықаралық жолы құрылысымен байланыстырады.  

Алматы процесі 2011 жылы халықаралық миграция және босқындар мәселесін бірігіп шешетін диалог алаңы ретінде құрылған. Бұл ұйымға Қазақстаннан бөлек Әзербайжан, Ауғанстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркия мен Түркіменстан кіреді. Иран мен Пәкістан әзірге бақылаушы ретінде қатысып келеді.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3238
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5377