Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3776 0 пікір 21 Қыркүйек, 2015 сағат 17:28

АҚШ СИРИЯДА РЕСЕЙДІҢ ҰШАҚТАРЫ ПАЙДА БОЛҒАНЫНА АЛАҢДАЙДЫ

АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри Сирияда Ресейдің «Ислам мемлекеті» (ИМ) экстремистік тобына қарсы жойғыш ұшақтың пайда болуы АҚШ басшылық ететін халықаралық коалицияға қауіп төндіруі мүмкін деп мәлімдеді. Ол мұны Лондонда британдық әріптесі Филип Хэммондпен кездесуден кейінгі баспасөз мәслихатында айтты.

Ресей өз кезегінде ИМ-ға қарсы Сирияда әскерлерін күшейтіп жатқанын мәлімдеді. Алдында Джон Керри Вашингтон Сириядағы ішкі кикілжіңді реттеу үшін сол елдің президенті Башар Асадтың отставкаға кетуі мүмкіндігін кейінге қалдырады деген болатын.

Мемлекеттік хатшы сонымен бірге Ресейді және Иранды Башар Асадпен келісімге отырып, Сириядағы жағдайды бейбіт түрде шешуге шақырды.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1470
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3245
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5408