Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3502 0 пікір 21 Қыркүйек, 2015 сағат 17:12

МӘСКЕУДЕ «БИЛІКТІ АЛМАСТЫРУ ҮШІН» ҰРАНЫМЕН МИТИНГ ӨТТІ

Мәскеуде өткен «Билікті алмастыру үшін» акциясына жеті мыңға жуық адам қатысты. Олар цензураны болдырмауды, саяси тұтқындарды босатуды, сайлауға оппозиция өкілдерін жіберуді, шығыс Украинадағы соғысты тоқтатуды және коррупциямен күресуді талап етті. Санкт-Петербургте де бірнеше ондаған Халық бостандығы партиясының белсенділері дәл осындай ұстаныммен көшеге шықты.   

Мәскеуде митинг басталар алдында полицейлер Борис Немцовтың «Украина шығысындағы кикілжіңге Ресейдің қатысы бар» деген сөздері жазылған плакаттарды тәркіледі. 

Басында Алексей Навальный бастаған оппозиция өкілдері шеруді Мәскеу орталығындағы академик Сахаров даңғылында өткізуге өтініш берген. Бірақ қала мэрі үлкен Мәскеу марафоны өтетін күнмен тұспа-тұс келеді деп қала шетіне ғана рұқсат берді. 

Наразылық білдірушілер өздерінің акциясын 2011 жылдың 24 қыркүйегінде «Единая Россия» партиясының съезінде Владимир Путиннің президенттік сайлауға түсуге ниеті бар екенін жариялаған күнмен байланыстыратынын айтады. Оппозиционерлердің айтуынша, осы күннен бастап Путин Ресей билігінің «тізгінін» өзгермейтіндей етіп қолына алды.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1470
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3245
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5407