Сенбі, 19 Сәуір 2025
Жаңалықтар 4196 0 пікір 24 Ақпан, 2016 сағат 08:42

ТЕҢГЕ БАҒАМЫ МЕН МҰНАЙ БАҒАСЫНА ҚАТЫСТЫ БОЛЖАМ ӨЗГЕРДІ

Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты жаңаланған болжам бойынша, мұнайдың баррелі 30 доллар, доллар бағамы 360 теңге болған жағдайда, ЖІӨ биылғы өсімі 0,5 пайыз деңгейінде болатыны болжанғанын мәлімдеді.

Үкімет отырысынан соң Досаев мұнайдың орташы жылдық бағасын «халықаралық қаржы ұйымдары мен инвестициялық банктердің мұнай баррелін 40 тан 30 доллар аралығында» болжауына байланысты төмендеткендерін, ал доллардың айырбас бағамы былтырғы қарашада бекітілген 300 теңгеден 360 теңгеге өскенін хабарлады. «Біз бәрібір жақсы аймақта тұрмыз», — деді ұлттық экономика министрі.

Министр сонымен бірге, Қазақстандағы индустриалды-инновациялық жобалар республика бюджетінің мүмкіндігіне қарай жүзеге асырылатынын, осыған байланысты мемлекеттік бағдарламаны тексеру наурыз айында аяқталатынын мәлімдеді.

Досаевтың сөзінше, қазақстандық экономика "жаңа кезеңге аяқ басқандықтан", үкімет ел дамуының 2050 жылға дейінгі стратегиялық жаңа жоспарын әзірлемек.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 2042
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 4901
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 4101