Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3856 0 пікір 24 Ақпан, 2016 сағат 08:33

АҚТӨБЕ-ГФР: ТАРАПТАР КЕЗДЕСТІ, КЕҢЕСТІ, РАХМЕТ АЙТТЫ

 Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Германия Федеративтік Республикасы Елшісінің тұрақты орынбасары Джонни Крамермен кездесті деп хабарлайды «Ақтөбе ақпарат» орталығы.

 Кездесу барысында тараптар Ақтөбе облысы мен Германия арасындағы экономикалық ынтымақтастықтың ағымдағы көрсеткіштерін, сонымен қатар екі жақты сауда – экономикалық қатынастарды одан әрі дамыту жолдарын талқылады.

2015 жылдың қорытындысы бойынша Ақтөбе облысы мен Германия арасындағы сауда айналымы 178 млн. долларды құрады. Қазіргі уақытта облыс аумағында негізінен сауда, көлік-экспедициялық қызметтер мен техникалық кеңестер беру саласында неміс фирмаларының қатысуымен 25 кәсіпорын жұмыс істейді. 

Бердібек Сапарбаев Германиямен мәдени-іскер байланысты дамыту үшін, әсіресе өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, медицина, көлік және логистика салаларында үлкен резерв барына сенім білдірді.

Джонни Крамердің назарына ГФР бизнесмендерінің қызығушылығын тудыруы мүмкін инвестициялық жобалар ұсынылды.

Меймандардың назарына ұсынылған жобалардың бірі Ақтөбе қаласында халықаралық әуежай ауданында жалпы құны 12 миллиард теңге болатын көлік-логистикалық орталық құрылысы болды.

Облыс басшысы көлік-логистикалық орталықтың болашақта тиімді болатынын жеткізді, өйткені оның Ақтөбеде орналасуы үлкен көлемдегі еуроазиялық тауар ағымын ұқсатуға идеалды жағдайлар жасайды.

Ақтөбе облысы Германиядан қара металл, өнеркәсіп, тұрмыстық жабдықтар мен автомобильдер үшін қосалқы бөлшектер импорттайтын болғандықтан, ГФР Елшісінің тұрақты орынбасарына біздің өңірде аталған тауарлар өндірісі немесе құрастыру бойынша жобалар ұсынылды.

Бердібек Сапарбаев Ақтөбе облысының көп жағдайда географиялық тұрғыда тиімді орналасқанын жеткізді, бұл өз кезегінде Ресей, Қытай, Батыс Еуропа мен Орта Азия елдері нарығына жол ашады.

- Сонымен бірге біз минерал-шикізат қорына баймыз. Өңірде пайдалы қазбалар өндіретін 340 кен орны бар. Инвесторларды тартатыны да сондықтан. Біз химия құрылысы және медицина  саласындағы неміс кәсіпорындарымен байланыс орнатқымыз келеді. Еліміздің барлық өңірі секілді Ақтөбе облысы аумағында да инвесторларды қолдау инструменттері бар. Біздің аймақта жұмыс істеуді жоспарлап отырған Германия бизнесмендеріне қолдау көрсетуге даярмыз, - деді Бердібек Сапарбаев.

Өз кезегінде Джонни Крамер Ақтөбе облысына ресми сапары барысында өңірдің экономикалық әлеуетімен танысқанын жеткізді.

- Ақтөбедегі неміс фирмаларының өкілдерімен кездескенімде олар мұнда жақсы табыс түсіріп отырғандарын жеткізді. Бұл да аймақтағы инвестициялық климаттың жақсы екендігін білдіреді. Сіздің облыста тұратын неміс диаспорасының өкілдері үшін ана тілі мен мәдениетін үйренуге барлық жағдай жасалған. Осы бағытта көрсетіп жатқан қолдауыңызға алғысымды білдіремін. Біз одан әрі іскерлік байланыс орнатуға мүдделілілік танытамыз, - деді Джонни Крамер.

Абай-ақпарат

 

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5351