Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 5340 0 пікір 24 Ақпан, 2016 сағат 08:21

АҚБӨКЕНДЕР БИЫЛ ДА ҚЫРЫЛУЫ МҮМКІН

Ақтөбе облысында ақбөкендердің жаппай қырылуы биыл да қайталануы мүмкін. Өйткені Ырғыз-Торғай резерватында киіктердің жаппай қырылуының нақты себебі әлі анықталмаған. Мамандар бірден бір себебі пастереллез ауруы деген болжам жасағанымен, оның қоздырғышын ақыры табылған жоқ деп хабарлайды 31 арнаның Жаңалықтар қызметі.

Былтыр көктемде елімізде үш бірдей облыста ақбөкендер жаппай қырылған еді. Ақмола, Қостанай, Ақтөбе облыстарынан 2015 жылы жазда барлығы 120 мыңнан астам киік залалсыздандырып, көмілген. Ақтөбе облысында алғашқы бөкен өлекселері  Ырғыз ауданында әуелі Сұңқарқия жерінде табылды. Артынша қырылған киік саны сегіз мыңнан асқан. Негізі Ырғыз- Торғай резерватында  он мыңға да жетпейтін киелі жануар қалған. Былтыр мамандар алдын ала болжам бойынша киіктер пастереллез дертінен жаппай қырылған деген тұжырым жасаған еді. Бірақ нақты індеттің себебін ешкім айта алмаған. Ал, жергілікті билік болса, сол ресми анықтамадан аса алмай отыр. Олардың қолынан келетіні үйдегі малды түздегі аңнан жұғатын аурудан сақатап қалу ғана болса керек.

 - Ақбөкендердің неден қырылғаны әлі анықталған жоқ. Бірақ екінші пастереллез деген сөз болды. Пастереллездің қозғаушысы не екені де әлі белгісіз. Бөкендер қырылған даламен шектесіп жатқан аумақтың ірі қара малдарына вакцина жасадық. Биылғы жылы киіктердің жүретін жолдарын анықтадық. Сол жолдарды алдын ала залалсыздандырып отырамыз. Біздің қолдан келетіні - осы, - дейді Ақтөбе облысы, Ырғыз ауданының әкімі МЕЙІРХАН ДУАНБЕКОВ.

Абай-ақпарат

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5351