ТӘЖІКСТАН ЖӘНЕ ИМ. "ҰНАЙДЫ" ДЕГЕН НҮКТЕНІ БАСҚАНДАР ҰСТАЛЫП, ТЕРГЕЛУДЕ
Тәжікстанда Йовон ауданының 14 тұрғыны ресейлік "Одноклассники" сайтында жарияланған тәжіктерді "Ислам мемлекеті" (ИМ) экстремистік ұйымына қосылуға шақыратын видеожазба астына "Ұнайды" түймесін басқаны үшін ұсталып, тергелді.
Тергеуден соң он адам босатылып, төрт адам қамауда қалды.
Тәжікстан билігі соңғы кезде содырлардың тәжіктерге қатысты үгіт-насихаты күшейгеніне алаңдайды.
Тәжікстанда "Одноклассники" әлеуметтік желісінің жарты миллионға жуық қолданушысы бар.
Тәжікстан басшысы Эмомали Рахмон 21 қаңтарда жариялаған халыққа жолдауында Сирия мен Иракта мыңдаған тәжік азаматының террористер жағында соғысып жүргенін мәлімдеген. Ол сонымен бірге соғыс кезінде 148 тәжік азаматының қайтыс болғанын да жариялады.
Абай-ақпарат