Сенбі, 23 Қараша 2024
Қоғам 4681 0 пікір 23 Ақпан, 2016 сағат 11:01

АСТАНА АУЫЛҒА НЕ БЕРІП ЖАТЫР?

Газет жұмысымен іссапарларға шығып тұратын едік. Сонда бір сапарда біз Күршім ауданының Қалжыр ауылында болдық. Ауыл тұрғыны, көпті көрген қария Анашбай Жомартов деген кісі сөздің шебері екен. Былай деді (қаз-қалпында):

Соңғы кездері біздің ауылдан зейнеткерлер көшіп жатыр. Бұрын олар жылы орнын суытқысы келмейтін. Ауылдан зейнеткерлер кеткен соң, саудасы жүріп, шекесі қызған саудагерлер де кетті. Біз осы ауылдан бәрін қалаға тасып жатырмыз ғой, етпен, сүтпен ғана қамтамасыз етіп отырған жоқ, қыл аяғы адамдармен де жарылқап жатырмыз. Қаланың еңбек күшін көбейттік, бала-шаға бәрі де қалада.

Ал енді қараңыз, қала бізге – ауылға не беріп жатыр? Астана не беріп жатыр? Өскемен не беріп жатыр? Арақ пенен ұн ғана. Арақтың нормасын орындап, әбден уланып біттік қой. Түйме мен инеге дейін Қытайдан аламыз. Тіпті шұлық пен ішкиім де Қытайдікі. Ау, сонда біз қашан өзіміз үшін бір нәрсе өндіреміз?

«Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы мал өсірген ауылдық округтерге жетпейді. Астанада тұратын дөкейлер ауылдың не екенін білмейді. Мен айтайын: негізінде қазақ 20-30 үйден жиналып, мал өсірген елді мекенді ауыл деп атаған. Аудан орталығының шет жағында 5 ешкі, 1 қой ұстайтындар ауылға жатпайды. Сонда «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы аудан орталығына жеткенімен, ауылдарға келе бермейді.

Ауылды гүлдендіру үшін, тұрғындарын жұмыспен қамту үшін түбегейлі басқа бағдарлама жасалуы тиіс. Содан кейін бір мәселе – мал шаруашылығы бойынша Шығыс Қазақстан мен Маңғыстауды салыстыруға болмайды.

Құдайға шүкір, шығыста, оның өзінде біздің Марқакөлде не керектің бәрі де бар: су да, шөп те, техника да. Тек жұмыс істейтін адам ғана жоқ. Жүздеген мың гектар жайылымдық жер иен жатыр. Ондаған гектар егін салатын жер бос жатыр. Енді осының салығын көтереміз дейді. Қалай көтереді, ей, ол жерді игеретін адам табылмай тұрғанда?

Заңғар Кәрімхан

Facebook-тегі парақшасынан

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3238
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5377