Жексенбі, 20 Қыркүйек 2026
Деп жатыр 5608 0 пікір 22 Ақпан, 2016 сағат 10:22

ҚЫТАЙДЫҢ БІРІНШІ ХАНЫМЫ ҚАЗАҚ ӘНІН ОРЫНДАДЫ (ВИДЕО)

Желіде Қытай төрағасының жұбайы Пэн Лиюаньның қазақ әнін орындаған видеосы пайда болды, деп хабарлайды Baistars.kz.

Бейнебаяндағы әуен бойынша желі қолданушылары Пэн Лиюаньның орындауында Ахмет Жұбановтың «Қарлығаш» әнін таныған. Пэнь Лиюань әнді қытай тілінде орындаған. Алайда бейнебаянның қай жылы түсірілгені белгісіз.

Айта кетейік, Қытай төрағасы Си Цзиньпиньнің жұбайы Пэн Лиюань Қытайдың танымал дәстүрлі әншісі. Көптеген ән байқаулардның жүлдегері. «Дәстүрлі музыка» мамандығы бойынша білім алған. Танымалдылығы шарықтап тұрған шағында халық арасында Сәлдегүл перизаты деп аталып кеткен. Сәлдегүл Қытайда құрмет тұтылатын гүл. Ол императорлардың белгісімен байланыстырылады және сұлулық пен нәзіктікті бейнелейді. Көпшіліктің айтуынша Пэнь Лиюань — дәл осындай қасиетке ие.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1342
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2915
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 995
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 927