Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3378 0 пікір 22 Ақпан, 2016 сағат 10:20

ӨЗБЕКТЕР АҚШ-ТАН КЕЛГЕНДЕРДІ ТҰТҚЫНДАП ЖАТЫР

Ташкентте жергілікті Ракат, Салам шайхана, Себзар және Джар Арык махаллаларында тұратын 14 адам тұтқындалды.

Ұсталғандардың басым бөлігі бұған дейін АҚШ және өзге алыс шетелдерде жұмыс істеп келген. Олардың бәріне «Салафия» діни ағымына қатысы бар деген айып тағылды.

Ұсталғандардың туыстары оларды алдымен 15 тіулікке ұстағанын, кейін қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Қамалғандардың кейбірі Өзбекстанға үш жыл бұрын оралған, кебірі жақында ғана шеттен келген.

Өзбекстанда шетелден келген азаматтарды тұтқындау 2015 жылдың қарашасында басталған еді. Ол кезде «Азаттық» радиосының өзбек қызметі Ташкент қаласы мен облысында 200-ден астам адамның қамалғанын хабарлаған болатын.

Бақылаушылар 14 азаматтың ұсталуын былтыр басталған жаппай тұтқындаудың жалғасы деп санайды. Айырмашылығы, өткен жылы ұсталғандардың «ИМ» тобымен байланысы бар делінсе, енді шетелден оралған өзбек азаматтарына «салафизм» айыбы тағылуда.

Бақылаушылар былтыр абақтыда түскендер тергеу барысында басқаларға қарсы куәлік беруі мүмкін екенін де жоққа шығармайды.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1470
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3246
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5413