Дүйсенбі, 12 Мамыр 2025
Жаңалықтар 3949 0 пікір 19 Ақпан, 2016 сағат 17:12

РЕСЕЙ ӘСКЕРИ ШЫҒЫНДЫ 160 МИЛЛИАРД РУБЛЬГЕ ҚЫСҚАРТАДЫ

Ресей қорғаныс министрлігі экономикалық жағдайдың қиындығына байланысты әскери шығындарды бес пайызға азайтуды жоспарлайды деп хабарлайды дереккөзіне сілтеме жасаған ресейлік "Ведомости" басылымы.

2016 жылдың бюджеті үш триллион рубльден астам қаржыны (шамамен 40 миллиард доллар) немесе жалпы ішкі өнім көлемінің төрт пайызын құрайтындықтан шығын 160 миллиард рубльге қысқармақ.

Дереккөзінің мәліметінше, азайтылатын соманың 150 миллиарды мемлекеттік қорғаныс тапсырысына тиесілі. Бұған қоса флот пен авиацияға арналған қару-жараққа бөлінетін шығын да азаймақ. Құрлықтағы әскерді қаруландыру шығыны да аздап азайтылмақ. Дереккөздің мәліметінше, бұл үнемдеулер Сириядағы операцияға еш қатысы жоқ.

Ресейде дағдарыс басталғалы қорғанысқа бөлінетін қаржы бірінші рет қысқартылып отырған жоқ. 2015 жылы Ресейдің қорғаныс шығыны 3,8 пайызға азайтылған.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Әдебиет

Алтын сандық

Бауыржан Омарұлы 2141
Білгенге маржан

Сертіне берік самурай...

Бейсенғазы Ұлықбек 3788