Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 4469 0 пікір 19 Ақпан, 2016 сағат 12:31

НАЗАРБАЕВА: "ЖҰМЫССЫЗДАР САРАҢДАНБАЙ САЛЫҚ ТӨЛЕСІН"

Премьер-министрдің орынбасары Дариға Назарбаева қазақстандықтарды салықтан жалтармауға, "сараңданбай", табысынан бюджетке бөліп беруге шақырды деп хабарлайды жергілікті агенттіктерне сілтеме жасап Азаттық.

Астанада өткен денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің алқа жиынында сөйлеген Назарбаева халықтың "өзін-өзі жұмыспен қамтамасыз етіп, табыс табатын" бөлігінің "бюджетке бір тиын төлемей тегін медициналық көмек алып, қартайғанда әлеуметтік жәрдемақы мен зейнетақы алуға ұмтылатынын" әділетсіздік деп атады.

"Ар-ұят болу керек, сараңданбай, бөлісу керек, президентіміз айтқандай, салығын төлеп, ұйқың тыныш болуы қажет", - деген Назарбаев.

Назарбаеваның пікірінше, Қазақстанда 2017 жылға қарай өтуді жоспарлап отырған медициналық сақтандыру жүйесі өзін-өзі қамтамасыз ететін азаматтарды көлеңкеден шығаруға көмектеседі. Себебі өзін-өзі қамтамасыз ететін тұрғындарға сақтандыру полисі берілмейді.

Ресми мәлімет бойынша, Қазақстанда 2015 жылдың соңында 2 миллион 339 мың адам өзін-өзі жұмыспен қамтамасыз ететіндер ретінде тіркелген. Ал экономикалық белсенді тұрғындар саны тоғыз миллионнан асқан. Халықтың өзін-өзі жұмыспен қамтамасыз ететін тобына тұрақты жалақысы жоқ, сауда-саттықпен айналысушылар мен ұсақ саудагерлер жатады. Статистика комитетінің мәліметінше, 2015 жылдың үшінші тоқсанында ұзақ уақыт жұмыссыз жүргендер көрсеткіші 4,2 пайызды құраған.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1470
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3246
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5415