Жұма, 2 Мамыр 2025
Жаңалықтар 3739 1 пікір 19 Ақпан, 2016 сағат 09:42

ҚАДЫРОВ "РУХАНИ-КӨРГЕНДІЛІК" ТӨЛҚҰЖАТЫН ТАРАТЫП ЖАТЫР

Шешенстан басшысы Рамзан Қадыровтың бұйрығымен елдегі 14-35 жас аралығындағы жастарға "рухани-көргенділік" төлқұжатын беріледі.

Шешенстан парламентінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған "Юга" сайты: "Мұндай төлқұжатта адамның жеке мінездемесі, ұлттық, тайпалық тегі жазылады. Және осы адам үшін жауап беретін адамдар да көрсетіледі", – деп хабарлайды.

Шешен парламентінің депутаты Адам Маликов бір мектептің оқушыларына осындай "төлқұжаттың" үлгісін көрсетіп, бұл жаңалықты діни басқарманың мақұлдағанын және республика аумағында оның күшіне енгенін хабарлаған. "Бүгінде жастар олардың санасын жалған идеялармен улағысы келетін экстремистік топтардың ықпалына түсіп жатыр. Сондықтан уақыт жоғалтпай, біз экстремизм мен терроризмнің кез келген түрін тамырымен қоса құртуымыз керек, – деді депутат.

Абай-ақпарат

1 пікір

Үздік материалдар

Әдебиет

Алтын сандық

Бауыржан Омарұлы 353
Білгенге маржан

Сертіне берік самурай...

Бейсенғазы Ұлықбек 383
Бәрекелді!

«Родословная казахских ханов»: всемирное признание

Керимсал Жубатканов 360