ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТА 6 ТЕҢГЕГЕ НЫҒАЙДЫ
KASE қор биржасының таңғы сессиясындағы қорытындысы бойынша теңгенің долларға қатысты бағамы 352,08-ге тең болды, - деп хабарлайды Абай-ақпарат. Айта кетейік, ұлттық валюта алдыңғы сессияға қарағанда 6 теңгеге нығайып отыр.
18 ақпандағы таңғы сессия кезінде алғашқы келісім 353,5 теңгемен өтті. Ең жоғарысы да осы, ал төмен баға 350,95 теңге болды. Kurs.kz порталының мәліметінше, ақша айырбастау орындары долларды 350-357 теңге аралығында сатып жатыр.
Абай-ақпарат