Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3029 0 пікір 17 Ақпан, 2016 сағат 09:23

ҚЫРЫМ ТАТАРЛАРЫНЫҢ МАДЖЛИСІНЕ ТИЫМ САЛЫНАДЫ

Ресей басып алған Қырымның прокуроры Наталья Поклонская Жоғарғы сотқа қырым татарларының жергілікті өзін-өзі басқару органы, меджлиске тыйым салу туралы өтініш берді.

Ресейлік жаңалықтар агенттігі Поклонскаяның кеше меджлисті «экстремистік ұйым» деп атаған өтінішке қол қойғанын хабарлады.

1991 жылы құрылған және 1999 жылы Украина үкіметі мойындаған меджлис қырым татарларының мәселесі бойынша Киев пен халықаралық ұйымдарға хабарласатын органы боп табылады.

2014 жылы қырым татарларының басым бөлігі Ресейдің Қырым түбегін Украинадан тартып алуына қарсы шыққан еді.

11 ақпанда Қырымдағы ресейлік билік Орталық Азия мен Ресейде тыйым салынған «Хизбут-Тахрир» сунниттік саяси ұйымына қатысы бар деген күдікпен бірнеше қырым татар белсендісін тұтқындады. Ұсталғандар айыптаулардың саяси астары барын мәлімдеп, мойындаудан бас тартты.

Абай-ақпарат

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1482
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3254
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5489