Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2931 0 пікір 16 Ақпан, 2016 сағат 09:02

УКРАИНА ЕЛДЕ РЕСЕЙ ЖҮК КӨЛІКТЕРІНІҢ ЖҮРУІНЕ ТЫЙЫМ САЛДЫ

Украина 15 ақпанда өз территориясы арқылы Ресейдің транзиттік жүк көліктерінің жүруіне тоқтау салды. Бұл туралы Украина үкіметінің ресми порталында хабарланды.

Украина үкіметінің мәлімдемесінде Ресей украин жүк көліктерінің өз территориясы арқылы жүруіне тыйым салып, Дүниежүзілік сауда ұйымының (ДСҰ) ережесін және үкіметаралық келісімді бұзғаны айтылады. Киевтің бұл жауап шарасы "Ресей жағынан жауап беріп, мәселе шешілгенге дейін" күшінде қалмақ.

Украина премьер-министрі Арсений Яценюк Украина Ресейдің ДСҰ-ның негізгі принциптерін орындауына қатысты Еуропа Одағы елдерімен кеңесетінін айтты.

Ресей транспорт министрлігі бұдан бұрын Украинада тіркелген жүк көліктерінің Ресей аумағында жүруіне тыйым салған. Министрлік мұны украиналық "Автомайдан" қозғалысы белсенділерінің 11 ақпаннан бастап Ресей жүк көліктерінің Украина территориясындағы жолын бөгегеніне "жауап шаралары" деп түсіндірген.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1483
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3255
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5511