Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2843 0 пікір 15 Ақпан, 2016 сағат 14:37

ОБАМА МЕН ПУТИН СӨЙЛЕСТІ

АҚШ президенті Барак Обама телефон арқылы сөзінде Ресей президенті Владимир Путинге Ресейдің Сириядағы оппозиция күштеріне әуеден соққы беруді тоқтату туралы ескертті.

Ақ үйдің баспасөз қызметі Обаманың Сириядағы қарулы қақтығысты тоқтатуда Мәскеудің сындарлы саясатының маңыздылығын баса айтқанын хабарлайды.

Украин мәселесі туралы сөз қозғалғанда Обама ресейшіл жікшілдердің Минск келісімдерін орындауға міндетті екенін атап өткен. Ол Украинаның шығыс бөлігінде ЕҚЫҰ талаптарына сай келетін сайлау өткізу туралы тезірек келісімге келуді жақтайды.

Кремльдің баспасөз қызметі телефон байланысы америкалық тараптың бастамасымен болғанын хабарлады. Сонымен бірге қос президенттің Украинаның шығысында атысты тоқтатып және гуманитарлық көмек көрсету мәслелеріне қолдау білдіргенін, президент Путиннің Сирияда ортақ антитеррорлық майдан құруға шақырғанын жеткізді.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1487
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5524