Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3655 0 пікір 12 Ақпан, 2016 сағат 13:38

САЙЛАУ: ОППОЗИЦИЯ ҮМІТКЕРЛЕРІ ТІРКЕУДЕН ӨТТІ

 

Қазақстанның Орталық сайлау комиссиясы парламент сайлауына түсетін оппозициялық Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының (ЖСДП) үміткерлерін тіркеді.

ЖСДП наурыздың 20-да мерзімінен бұрын өтетін сайлауға қатысатын Қазақстандағы жалғыз оппозициялық партия саналады. Ол Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев басқаратын «Нұр Отан» мен өзге де билікшіл партиялармен тартысқа түседі.

Қазақстанды 1989 жылдан бері басқарып келе жатқан Назарбаев 20 қаңтарда парламенттің төменгі палатасы – Мәжілісті таратып, мерзімінен тыс кезекті сайлау жариялаған еді.

Батыс бақылаушылары Қазақстандағы ешбір сайлауды еркін және әділетті өтті деп санаған емес және бұл жолы да «Нұр Отанның» көптеген жылдан бері оппозиция бармаған парламенттегі басымдығын сақтап қалатынына күмән тумайды. «Нұр Отан» үміткерлерінің ішінде қазір вице-премьер қызметін атқаратын Назарбаевтың үлкен қызы, Дариға мен бірқатар танымал эстрада және спорт жұлдыздары бар.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1483
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3255
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5502