Сенбі, 23 Қараша 2024
Билік 5629 0 пікір 12 Ақпан, 2016 сағат 10:04

РЕСЕЙГЕ ЖАЛҒА БЕРІЛГЕН ЖЕРІМІЗДІҢ ҚҰНЫ - 424 ТЕҢГЕ...

Солтүстіктегі көршіміз (РФ) әскери сынақ өткізу үшін жалға алған жердің әр гектарына 424 теңге ақша төлеп келіпті (алда тура осы ақшаны төлей береді). Кеше КТК арнасының жаңалықтарынан осы дерек жария болды. Қазақтың даласын у-ға бөктіріп, жерімізді жарамсыз етіп бергені үшін көршімізден бар алатын қаржымыздың сомасы 500 теңгеге де жетпеуі нені ұқтырады? Бұл сома күнде жарылыс болып жатқан аумаққа келген зиянды ақтайды ма? Жоқ!

Қазір 7 миллион гектардан астам қазақ жері Ресейдің полигондарына жалға беріліп отырған көрінеді. Яғни, осынша аумақта көршілеріміз әскери сынақ өткізеді. Демек, 7 миллион гектар жерімізде күнде атыс, күнде жарылыс болып жатыр деген сөз. Жармақтай қаржыға жалға берілген қазақ жері туралы Сенат депутаттары не дейді?

Қуаныш Айтаханов, Сенат депутаты:

-Полигонның қызметі жалға берілген жерлерде қоршаған ортаға, халыққа ықтимал қауіп төндірілуде. Оны да есептеуіміз керек. Соның бәрін есептегенде жалға берілген әрбір гектардың құны өте төмен деп есептеймін. Біз халыққа жайылымды әр гектарына 2 мың теңгеден, ал полигонға сынақ жасау үшін 424 теңгеден береді екенбіз.

Сонымен, бюджетке жалпы жалға берілген жер үшін жылына 24 миллион доллар түседі. Шетелдердегі бағамен салыстырғанда Ресей қазақ жерін су тегін пайдалануда, - дейді сенаторлар.

Мұрат Бахтиярұлы, Сенат депутаты:

-Мысалы, Америка Құрама Штаттарында Берлиндегі кішкентай ғана жерді жалға алу құны евроға шаққанда 1 жарым миллиард евро. Егер бүкіл Германиядағы Американың әскери базаларын мен полигондарының  жалға алу құнын есептегенде 3 млр.евро екен, біздің ақшаға шаққанда 1 трл 200 млрд теңге. Бұл өте көп қаржы.

Ал Қорғаныс министрлігіндегілер Ресейге шаң жуытар емес. Көршілеріміз жыл сайын жүздеген офицерді ақысыз оқытып, тегін техникамен қамтуда дейді. Бұл аздай біздің шенеуніктер жалға берілген  аймақтардағы геологиялық барлау жұмыстарына қатысты мәселенің де басын ашып алмапты. Яғни, уақытша Ресйеге тиесілі жерлерден кен орындары табылса, қазба байлықтың кімге бұйыратыны нақты келісілмеген. 

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1482
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3254
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5496