Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 6691 1 пікір 11 Ақпан, 2016 сағат 13:16

АЛТЫНБЕК СӘРСЕНБАЙҰЛЫНЫҢ ЖИЕНІ КІСІ ҚОЛЫНАН ҚАЗА ТАПТЫ

 

Бүгін Алтынбек Сәрсенбаевтың туған жиеніне қастандық жасалып, 34 жастағы әйел қаза болды

Суыт хабарды әуелі «Ratel.kz» тілшілері жазды.

Қазақстанның көрнекті мемлекет қайреткері, саясаткер Алтынбек Сәрсенбайұлының өмірден өткеніне 10 жыл толған қаралы күннің қарсаңында, оның жиені кісі қолынан қаза тапқан.

Бейресми дереккөздеріне сүйенсек, қаза болған 34 жастағы әйелдің  денесіне екі жерден ас үй пышағы сұғылған. Марқұм Алтынбек Сәрсенбайұлының туған әпкесінің қызы болған.

Марқұмның туыстарының айтуынша, қаза болған әйел бірнеше күннен бері байланысқа шықпаған және марқұмның үйіндегі барлық құжаттар мен жеке мүліктері жоғалып кеткен.

Қазіргі таңда полиция кісі өлімі фактісі бойынша тергеу жұмыстарын бастаған.  Деректер бойынша, 1982 жылы дүниеге келген марқұмның тегі Қайырбекова.

Abai.kz 

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1480
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3253
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5475