Сенбі, 23 Қараша 2024
Мәйекті 4799 0 пікір 11 Ақпан, 2016 сағат 10:59

ҚҰДАЙСЫЗДЫҚТЫҢ ҚАСІРЕТІ

...Жүрегі Жаратқан Иесін танымаған, санасы құдайсыздық­пен уланған арсыздықтың ақыры қасіретке ғана әкеледі. Міне, екі кештің арасында Жамбыл облысы, Тұрар Рысқұлов ауданына қарасты Каменка ауылында он екіде бір гүлі ашылмаған бейкүнә сәби - екінші сыныптың оқушысы Ерасыл балапанымыз - қазақтың баласы жантүршігерлік айуандықпен азапталып өлтірілді...

«Азғын жеті жастағы баланы азаптап зорлап, есік алдындағы ағашқа асып кеткен. Ер баланың азапталғанын сараптама қорытындысы растады» - дейді баспасөз ақпары. Ерасылдың анасы бұрын тұрмыс құрып ажырасқан көрінеді, бүгінде екі баласымен екінші некедегі жолдасының үйінде тұрып жатқан екен. Әйтсе де, Ерасылдың қазіргі әкесі өгейлік танытып, жазықсыз жеткіншек «отырса опақ, тұрса сопақ»-тың күйін кешкен. Өлетін күні өгей әкесі мектептен келген оқушыны үйге отырғызбай мал жайғауға жұмсапты. Бұл сәтте үйде болған шешесі бауыр еті баласына қауіп төнгенін сезгендей қора жаққа барып «Ерасыл!» деп атын атап айқайлап, шырқырап іздейді.

Дәп осы кезде өгей әкесінің 38 жастағы туған ағасы Серік қорада Ерасылға білгенін істеп жатуы мүмкін еді, дауысын шығармас үшін баланың аузын жауып, тұншықтырып өлтіруі де ықтимал. Нағашылары мектеп жасындағы жиендерінің өлімі өгей әкесінің туған ағасы Серіктен келді деп күдіктенеді. Ерасылдың нағашы әжесі Гүлбақ ШЫНӘСІЛОВА былай дейді: «Қысқы демалысқа келген Ерасыл анасының қолына қайтып баруға азар да безер болды... Серіктен басқа ешкімнен күдіктенбейміз. Серік далада мал жайғап жүрген. Бала бірге жүрген...»

Іш киімсіз табылған баланың зорланғаны айтылады. Күдікті Серік үш жыл бұрын психдиспансерге жатып шығыпты. Бірақ, Серіктің шешесі Зәуре БАЙТАҚОВА баласының мұндай азғындыққа барғанына сенбейді...

«Болар іс болып, бояуы сіңді». Қапыда қаза тап­қан жасөспірімнің денесін туған әкесі жер қойнына табыстады. Перзентінен айрылған 29 жастағы келіншек балаларын ертіп төркініне көшіп келді...

Қазіргі қазақ қоғамын қаптаған қасіреттердің тамыры - құдайсыздықта жатыр. Біздер - қазақтар - тәуелсіздіктің алдында, яғни, совет билігі кезінде, жетпіс жылдан астам уақыт «дін - апиын» деп адасып, «құдайсыз» өмір сүрген халықпыз. Сол адасудың арты азғындыққа ұласып, зардабын әлі тартып келеміз...

Тіпті, советтің «көзін көріп, суын ішкен» замандас­тарымыздың басым бөлігі бүгінгі күннің өзінде баласының (немесе немересінің) сыраханаға бармай, мешітке қадам басқанына қауіптене қарайды. Өздері ата сақалы ауыздарына түссе де, Алланың бар екендігіне күмәнмен қарап, етегін жинап орамал таққан қыздан шошынып, кеудесінің жартысы мен сандарын жалтыратып ашып тастаған қыздарға «қарындас» деп, қиыла қарап, сілекейлері шұбырады...

Бүгінде 30 бен 70 жастың арасындағы ата-аналар мен ата-әжелердің басым бөлігі мешітке бет алған ұрпағының ізгі қадамына игілік тілеп, иманын үйірудің орнына, батыстың жалған да қаскөйлік насихатына уланғандықтарын сонша, қолдарынан келсе, жастарды мешітке жібергісі жоқ. Естеріңізде болсын: күндіз мешітке бармаған жасты - түнде түнгі клубтан көретін боласыздар!

Атамыз қазақ: «Қызың өссе, қызы жақсымен көрші бол!» дегенді бекер айтпаған, кім біледі, әлгі азғын Серік мешітке барса, бейкүнә Ерасыл құрбан болмас па еді?!.

Жүректе жақсылыққа сенімнің болмауы, ізгілікке үміттің үзілуі - құдайсыздыққа әкеледі. Басты қадамымыз - құдайсыздықтан құтылуымыз керек. Баспасөз де, басқа да құдайсыздық туралы ақпар-әңгімені жеті өлшеп, бір кессін! Қайғы-қасірет жайлы жағымыз талмай қайталай беру - жүректерді жібітпейді. Жүрек - Хақтан қорқып, қанағат қылып, сенімі зор қорған тапқанда ғана мейірімга толады...

Қажымұқан ҒАБДОЛЛА

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1481
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3253
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5475