Сенбі, 23 Қараша 2024
Мәйекті 13510 0 пікір 10 Ақпан, 2016 сағат 10:01

ҚАЗАҚСТАНҒА ҚАНША ҚАНДАС КӨШІП КЕЛДІ?

1991 жылдан 2016 жылғы 1 қаңтарға дейінгі кезеңде 261 мың 104 отбасы немесе 957 мың 772 этникалық қазақ тарихи Отанына қайта оралып, оралман мәртебесін алды. Бұл еліміз тұрғындарының жалпы санының 5,5% құрайды, - деп жазады jezbuyda.kz сайты.

Қазақстанға келген оралмандардың көпшілігі, яғни, 61,6% — Өзбекстаннан келген, сондай-ақ, 14,2% — Қытайдан, 9,2% — Моңғолиядан, 6,8% — Түрікменстаннан, 4,6% — Ресейден және 3,6% — өзге елдерден оралған қандастарымыз.

Олардың 21,2% — Оңтүстік Қазақстан облысына, 16,3% — Алматы облысына, 13% — Маңғыстау облысына, 9,4% — Жамбыл облысына, 40,1% — еліміздің өзге өңірлеріне қоныстанды.

Елге оралған қандастарымыздың 55,6% — еңбекке қабілетті жаста болса, 18 жасқа дейінгілері — 39,9%, зейнеткерлер — 4,5% құрайды.

Еңбекке жарамды оралмандардың 8,8%-ның жоғарғы білімі бар болса, 20,6%-ында орта арнаулы білім бар, 60,8% — жалпы орта білімі бар азаматтар, ал 9,8%-нің білімі жоқ.

Естеріңізге сала кетейік, 24 қарашада Елбасы Ұлт жоспары – бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадамның көші қон мен халықты жұмыспен қамту салаларын әрі қарай жетілдіруді жүзеге асыруға бағытталған «Кейбір заңнамалық актілерге халықтың көші-қоны және жұмыспен қамтылуы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңына қол қойған болатын.

Заңда этникалық қазақтарды тарихи отанына оралуын ыңталандыру мақсатында:

— этникалық қазақтарға қоныстану өңіріне қарамастан оралман мәртебесін беру. Оларға шетелдік азаматтарға қарағанда көші-қон полициясына хабарласу арқылы төлем қабілетін растаусыз уақытша тұру ықтиярхатын алу мүмкіндігі беріледі;

— этникалық қазақтарға Үкімет белгілеген өңірлерге қоныстанған жағдайда әлеуметтік пакет беру. Сондай-ақ, еліміздің кез келген өңірінен Үкімет айқындаған екінші өңірге қоныстанған оралманның әлеуметтік қолдауды алуға мүмкіндігі болады. Егер олар қоныстанған өңірден 5 жыл мерзімнен бұрын қоныс аударып кететін болса, алған көмектерін Үкіметке қайтару міндеттері қарастырылған.

— оралмандарға Қазақстан Республикасының азаматтығын беру мерзімін уақытша тұру ықтиярхатын алғаннан кейін 1 жылға дейін қысқарту көзделеді.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1480
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3253
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5475