Жексенбі, 27 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 4205 0 пікір 10 Ақпан, 2016 сағат 09:25

АЛМАТЫҒА ТРАМВАЙ ҚАЙТА ОРАЛАДЫ

Алматы әкімі Бауыржан Байбек трамвайдың қайтадан жолға шығатынын айтты, - деп хабарлайды КТК арнасы.

Тек бұған дейін айтылғандай ескілері жөнделмейді екен. Орнына жақында жүрісі жеңіл түрлері алынбақшы. Өйткені, кейінгі кездері көп жол апатына ұшырай бергендерін жөндеуге бақандай 16 миллард теңге қажет көрінеді. Оған ақша жоқ деген әкім, депо бастығының басқа былықтары жайлы айтып берді. Сөйтсе, трамвайлар бұған дейін де талай мәрте жол апатына себепкер болған. Тек парктегілер пара беру арқылы ондай оқиғаларды жасырып жүріпті.      

Бауыржан Байбек, Алматы қаласы әкімі:

-Трамвайлар осыдан отыз жыл бұрын көп болған. Қазір тек 12-сі қалды. Оның жетеуі ғана жарамды. Оларды жоқтап жүргендер жиырма жыл бойы трамваймен жүрмеген. Сол себепті қазір оларды жөндеу тіпті тиімсіз.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1515
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 3131
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 1128
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 1049