Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2947 0 пікір 10 Ақпан, 2016 сағат 09:13

ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙ ҚЫЗМЕТІ "АҚЫЛЫ" БОЛМАҚ

Қыста қалың қар түскенде, көктемде үйлер суға кеткенде бір көрінетін бас құтқарушы Божко мырза бүгін тың ұсыныс жасады, - деп хабарлайды 31 арна тілшілері.

Яғни, бұдан былай төтенше жағдайға тап болып, арнайы қызметтерден көмек сұрағаныңыз үшін айыппұл төлеуіңіз мүмкін. Нақтырақ айтқанда вице-министр боранды күндері көліктері жолда бөгеліп "құтқарып алыңдар" дейтін азаматтардың өздерін жауапқа тарту керек деді. Сапарға шықпау туралы ескертуді әйтпесе, жүргізушілер елемейтін көрінеді. Ал, күн күрт жылынса үйлерін су басу қаупі төнген елдімекендерге қатысты әзірге ешқандай идея айтпады. Сонымен, құтқарудың бағасы қанша тұрады?

Қыс басталғалы елімізде қар құрсауында қалған 4 мыңнан астам адам құтқарылыпты. Олардың 200-дейі бала. Жолда қалғандарды құтқарудан шаршады ма, әлде қаржылық дағдарыстың салқыны ма, әйтеуір төтенше жағдайды бірнеше жыл басқарған Владимир Божко ерекше бастама көтерді.

ВЛАДИМИР БОЖКО, ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары:

- Бір жағынан біз біреуді құтқарамыз, екіншіден құтқарушылардың да басын бәйгеге тігетінін ескеру қажет. Оның үстіне қаншама шығын келетінін ұмытпау керек. Бұл - біздің ескертулерді елемей жолға шыққандарға ертеңнен бастап айыппұл сала бастаймыз деген сөз емес. Дегенмен белгіленген ережелерді бірнеше рет бұзған азаматтарды қандай да бір жауапкершілікке тарту керек деп ойлаймын.

Божко мырза материалдық шығынды өндіріп алу туралы ұсынысын, бүгін өткен төтенше жағдайлардың алдын алу жөніндегі ведомоствоаралық комиссия отырысында айтты.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5435