ЕШКІМНЕН ҚОРЫҚПАЙТЫН БОЗЫМБАЕВТЫҢ БРИФИНГІНДЕГІ БАСТЫ СӨЗДЕРІ
Бүгін Ақорда жанындағы орталық коммуникациялар қызметінде Павлодар облысының әкімі Қанат Бозымбаев брифинг өткізді.
Бозымбаев мырза брифинг барысында журналистердің өткір сұрақтарына өзгеше жауап берген.
Сонымен, Бозымбаевтың брифингтегі батыл жауаптарына назар аудара отырыңыздар.
Ешкімнен әм ештеңеден қорықпайтын әкім
Павлодар облысының әкімі Қанат Бозымбаев журналистерге өзінің қорқынышы туралы сұрақтарға жауап беріп, ештеңеден қорықпайтынын мәлімдеді.
«Әкімнің қорқыныштарына келетін болсақ. Біз, әкімдер, ештеңеден қорықпайтын адамдармыз. Екіншіден, мен тұрақты түрде баспасөз өкілдерімен тілдесіп тұрамын», – деді Бозымбаев.
Кездесулерге қатысты әкім тұрақты түрде БАҚ өкілдерімен бас қосатынын алға тартты. Соңғы кездесуінде ол журналистермен сайлау кезеңін талқылаған екен. Оның айтуынша, осы кезеңде түрлі арам ниетті адамдар пайда болады.
Әкім БАҚ өкілдеріне сайлау кезінде абай болып, ешқандай арандатушылық материалдар жібермеуге, сайлаудың демократиялық түрде өтуіне септік болуға кеңес берді.
«Ал облыс тұрғындарының есінде қалу үшін сіз не істер едіңіз» деген журналистер сұрағына Қанат мырза Бозымбаев былай деп жауап қатты.
«Мен елдің есінде қалу үшін жұмыс істемеймін. Есте қалу үшін ғана еңбек ету дұрыс емес. Егер менің алдыма қойылған әлеуметтік проблемаларды шешіп жатсам, атқарылған жұмыстан өзім-ақ ләззат аламын»,-деді Бозымбаев.
Бозымбаев резиденциясы
Павлодар облысы әкімінің резиденциясы туралы БАҚ осының алдында жазған болатын. Міне, енді Бозымбаев мырза мемлекет есебінен қаржыландырылып отыратын зәулім сарайда тұрмайды.
Әкім мырза қала сыртындағы резиденциясын тастап, қалаға көшіп келген. Бозымбаевтың бұлай істеуіне әкім мырзаның үйіндегі егіз сәбилері себепкер болған екен. Бұл туралы облыс басшысы брифинг барысында баяндаған.
Бозымбаев мырзаның айтуынша, отбасындағы егіз балалары өсіп, резиденциядан 20 шақырымдағы балабақшаға апарып-әпкелу қиындап кеткен.
«Қазір жалдамалы пәтерде тұрып жатырмын. Пәтер ақысын өз жалақымнан төлеймін. Бюджеттің ақшасын жеке басыма қолданбаймын. Бұрын, резиденция аумағындағы үйде тұрып келдім. Ал арнайы облыс әкіміне арналған резиденция деген болмайды. Облыс активіне тиесілі резиденцияның бір үйін мен жалға алып тұрдым. Ол кезде коммуналдық төлемдерді қоса есептегенде айына 550 мың теңге төлейтінмін. Қазір одан арзан пәтерде тұрамын»,-дейді Қанат Бозымбаев мырза.
Ұлымның ер мінезділігі үшін құрметтеймін
«Ал менің ұлыма келер болсақ, сұрақтарыңыды құқық қорғау және сот органдарына қойғандарыңыз дұрыс. Қазір ол жерде аппеляциялық шағым қарастырылып жатыр. Мен бұл іс туралы айта алмаймын. Мен өз ұлымның ер мінезділігі үшін оны құрметтеймін және менің ұлым ешқандай қылмыстық іске барған жоқ деп есептеймін»,-деді Павлодар облысының әкімі.
Abai.kz