Сенбі, 19 Сәуір 2025
Жаңалықтар 3193 0 пікір 9 Ақпан, 2016 сағат 09:14

ҚАЗАҚСТАН ИРАНҒА ЕТ ЭКСПОРТТАЙТЫН БОЛДЫ

Дүйсенбіден бері Иран астанасында жүрген қазақстандық делегация әріптестерімен қазақ-иран сауда-экономикалық қарым-қатынасының дамуын талқылап жатыр.

Қазақстанның «сауда миссиясы» Иранды халықаралық санкциядан алып тастағаннан кейін екі елдің даму жолын бірінші рет талқылап жатыр.

Қазақстандық делегацияның қатысуымен Тегеранда түрлі бизнес-форумдар, ресми кездесулер өтіп жатыр. Қазақстан өз кезегінде тауарларды экспорттау мәселесіне мүмкіншілік беруде.

250 адамнан тұратын делегацияны Даму және инвестиция жөніндегі министр Әсет Исекешев бастап барған.

Иран тарабы болса, қазақстандықтарға Парсы шығанағы портын дамыту жөнінде ұсыныс жасады.

Арнайы сапар барысында Қазақстан Тегеранмен ұзақ мерзімге қазақ етін Иранға тасымалдау жөнінде келісімге келді. Келісім құны 30 миллиард долларға бағаланып отыр. Бүгінде Қазақстанда 160 бірлескен қазақ-иран кәсіпорны жұмыс істейді.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 2043
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 4901
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 4102