АҚШ-ТА ҚҰЛДЫҚҚА ТҮСКЕН ҚАЗАҚ ҚЫЗЫ ТУРАЛЫ ФИЛЬМ ТҮСІРІЛМЕК
Режиссер Саламат Мұхаммед-Әли АҚШ-та интеллектуалдық құлдыққа түскен қыз жайлы фильм түсірмек. Бұл туралы Экспресс-К басылымы хабарлайды. Тырнақ алды туындысына режиссер «Құлдар» деген атау берген. Фильмнің продюсерлік қызметін атақты Грей Фредриксоны: «Өкіл әке» трилогиясында жұмыс істеген өнерпаз атқарады. Түсірілімнің негізгі бөлігі Америкада өтеді, бірақ көрермен қазақтың кең даласын да көре алады.
– Бұл Қазақстандық дарынды қыз жайлы оқиға – дейді «Алматы» арнасына берген сұхбатында Саламат Мухаммед-Али. – Бірнеше қылмыстық оқиғаларға тап болған ол Нью-Йоркке табан тірейді. Осылайша ессіз байдың қолына түсіп, оның интеллектуалды құлына айналады.
Қазір әлемдік аудиторияға лайықтап сценарий жазылып жатыр және бюджеті есептеліп жатыр. Ресей, АҚШ, Қытай мен Қазақстаннан инвесторларды тарту мәселелері шешілуде. Фильмнің актерлік құрамы әлі бекітілмеген, бірақ онда америкалық және қазақстандық өнерпаздар қатысады деп жоспарлануда.
Abai.kz