Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3948 0 пікір 4 Ақпан, 2016 сағат 10:23

СИРИЯҒА ҚАТЫСТЫ КЕЛІССӨЗДЕР ТОҚТАТЫЛДЫ

Сирия жөніндегі БҰҰ елшісі Стаффан де Мистура Женевадағы Сирия кикілжіңін шешуге қатысты келіссөзге үзіліс жариялады.

Дамаск делегациясы мен оппозиция өкілдерімен жеке-жеке кездесуден кейін, ол кеңес 25 ақпанда қайта жалғасады деді. Де Мистураның сөзінше, «жұмыстың жалғасуы тек бізге ғана емес, барлық қызығушылық танытып отырған мемлекеттер үшін де маңызды». Ол «мен бірінші күннен бастап, жәй әңгіме үшін кездесуді қаламайтынымды айтқанмын»,-деп атап өтті.

Де Мистура үзіліс сәтсіздікті білдірмейді дейді. Оның пікірінше, бейбіт келісім халықаралық қауымдастық үшін маңызды, оның ішінде Ресей мен АҚШ-қа негізгі проблеманы шешу үшін.

Сирия оппозициясы болса, үкіметінен қоршауда қалған 18 ауданға гуманитарлық көмектің жіберілуін талап етеді. Дамаск кейбір елдімекендерге азық-түлік тиелген жүкті жіберді, бірақ сол мезетте Ресейдің жойқын ұшағының көмегіме оппозиция бақылайтын аймаққа, шабуылдар жасады.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5347