Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 5800 0 пікір 3 Ақпан, 2016 сағат 13:06

"АҚЖОЛ" ДЕПУТАТТЫҚҚА ҮМІТКЕРЛЕРДІҢ ТІЗІМІН ЖАРИЯЛАДЫ

Бүгін «Ақжол» партиясының съезі өтіп, алдағы Мәжіліс сайлауына ұсынылатын үміткерлердің тізімі бекітілді, - деп хабарлайды Абай-ақпарат.

Партия Президимуы әзірлеп, съезд делегаттары мақұлдаған тізімге 35 үміткер кірді. Олардың ішінде бесінші шақырылымдағы Мәжілісте «Ақжол» фракциясының құрамында болған барлық депутаттар бар.

«Ақжол» партиясынан Мәжіліс сайлауына ұсынылған үміткерлердің толық тізімі:

Азамат Әбілтаев – Ү шақырылымдағы Мәжіліс депутаты;

Кеңес Абсатиров – кәсіпкерлер палатасы Орал өңірлік өкілдігінің басшысы;

Қайрат Айтбай – «Тараз металлургия зауыты» басқарма төрағасының орынбасары;

Руслан Арынғазин – Павлодар құбыр прокат зауытының басшысы;

Әсет Атабаев - Odyssey Investments Group заң департаментінің директоры, Астана.

Ерлан Барлыбаев – партия төрағасының орынбасары, «Экибастузэлектросеть» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы;

Дмитрий Васильев – партияның алматы филиалының төрағасы, «Казавтобуспром» АҚ басшысы;

Жанар Жандосова - директор исследовательского центра «Сандж» зерттеу орталығының директоры, «Transparency-Казахстан» жемқорлыққа қарсы агенттігінің негізін қалаушы;

Жаңбырбай Доспаев - Маңғыстау облысы кәсіпкерлер палатасының төрағасы, «Султан» ЖШС директоры.

Берік Дүйсембинов – партия орталық кеңесінің хатшысы;

Талгат Ерғалиев – Ү шақырылымдағы Мәжіліс депутаты;

Серік Ерубаев - «Атырау construction services» ЖШС директоры.

Дания Еспаева - «Казкоммерцбанк» Ақтөбе облыстық филиалының басшысы;

Нұрлан Жазылбеков - Ү шақырылымдағы Мәжіліс депутаты;

Махаббат Жутаев – партияның Қостанай облыстық филиалы төрағасы, кәсіпкер;

Қазыбек Иса – партия төрағасының орынбасары, «Қазақ үні» газетінің президенті;

Светлана Қадырәлиева - Ү шақырылымдағы Мәжіліс депутаты;

Меруерт Казбекова - Ү шақырылымдағы Мәжіліс депутаты;

Қайырбек Кемеңгер – Л. Гумилев атындағы ЕҰУ кафедра меңгерушісі;

Евгений Кинцель - «Закон и право» ЖШс директоры;

Азиз Қожамбетов – кәсіпкер, Қызылорда;

Андрей Линник - «Форпост» БК бас директоры;

Хаджимурат Льянов - «Төрт құдық» ЖШС басшысы, Қостанай;

Лилия Мергалиева - профессор, М. Өтемісұлы атындағы БҚМУ кафедра меңгерушісі;

Болат Момышев- «Фабрика ПОШ» ЖШС директоры, партияның Жамбыл облыстық филиалының төрағасы;

Екатерина Никитинская – ФИНАКСА қауымдастығының төрағасы;

Бөріхан Нұрмұхамедов – Ұлттық зерттеулер институтының директоры, Алматы;

Анарбек Орман - «Водные ресурсы-Маркетинг» ЖШС президенті, партияның ОҚО филиалының төрағасы;

Азат Перуашев – партия төрағасы;

Мақсат Раманқұлов – «Mabex» ЖШС бас директоры, Астана;

Аскар Смағұлов – партияның Астана филиалының төрағасы;

Абдразах Султанов – партияның орталық аппарат хатшысы;

Серікбай Ташенов - «BI-group» ЖШ жоба жетекшісі, Астана;

Олжас Тоқтаров - «Астана» банкі директорлар кеңесінің төрағасы;

Алмас Тұртаев - Ү шақырылымдағы Мәжіліс депутаты;

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5347