ӘЛИХАННЫҢ МЕРЕЙТОЙЫНА ҮКІМЕТ ҚАРЖЫ БӨЛЕТІН БОЛДЫ
Алаш көсемі Әлихан Бөкейханның 150 жылдығын атап өтуге Қазақстан үкіметі қаржы бөлетін болды деп хабарлайды 31 арна.
Барша қазақты толғандырған мәселеге қатысты Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы осылай деп жауап берді.
ЮНЕСКО көлемінде тойланғалы отырған шараға биліктен ақша бөлінбейді дегенді естіп, қарапайым азаматтар қаражат жинау туралы бастама көтерген болатын. Осы ұсыныс шымбайларына батты ма, әйтеуір министр ұлт көсемінің мерейтойы елеусіз қалмайды деп отыр. Сондай-ақ, нақты қандай іс-шаралардың жоспарланғанын ашып айтпаған Арыстанбек Мұхамедиұлы, қанша қаржы сұратқаны туралы да жақ ашпады.
“Үкіметтің қаулысы бар. Әлихан Бөкейхановтың 150 жылдығын өткізу туралы. Қазір бюджет тағы да қарастырылып жатыр ақпанда. Біз әрине бюджеттік ұсыныс білдірдік. Біз қазір жоспар құрдық. Әлихан Бөкейхановтың 150 жылдығын кеңінен атап өту. Ол Қостанайда, Алматыда, республикада халықаралық конференциялар. Біз міндетті түрде атап өтеміз”, – дейді Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы.
Абай-ақпарат