Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3573 0 пікір 2 Ақпан, 2016 сағат 10:31

ҚЫРҒЫЗСТАНДА БОРЫШКЕРЛЕРГЕ АРНАЛҒАН БАҒДАРЛАМА ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

Қырғызстанда 1 ақпаннан бастап доллармен несие алғандарды ұлттық валютаға конвертация жасау процесі басталды.

Үкімет бағдарламасы 2,8 мың борышкерге көмектесе алады.

Үкімет үй алу үшін коммерциялық банктерден доллармен несие алғандарға қазіргі АҚШ доллардың көтерілуіне байланысты мемлекеттік көмек жасамақшы.

Құжатқа сәйкес, несие алғандардың негізгі қарызын Ұлттық банктің 2015 жылғы 1 шілдедегі ресми бағамы бойынша (1 доллар — 62,1422 сом) сомға айырбастайды. Бағдарламаға сәйкес, қарыз 40 мың доллардан кем болмауы тиіс. Конвертация тек жеке тұлғаларға арналған.

Доллармен несие алғандардың өтініш берулеріне 20 күн бар. Бағдарламаның іске қосылғаны нарық валютасына да әсер етті. Айырбастау пункттерінде бір АҚШ доллары 75,38 сомға түскен.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1464
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3231
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5340