Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3718 0 пікір 2 Ақпан, 2016 сағат 10:26

МЫҢДАҒАН ӨЗБЕКСТАНДЫҚ ҚЫЛМЫСТЫҚ ЖАУАПКЕРШІЛІКТЕН БОСАТЫЛҒАН

2015 жылы Өзбекстанда бітімгерлік институтын іске қосқаннан бері 14 459 адам қылмыстық жауапкершіліктен босаған.

Бұл жөнінде Орталық Азия жаңалықтар қызметіне Өзбекстанның Жоғарғы сотының баспасөз хатшысы Азиз Абидов хабарлайды.

Салыстыру үшін 2014 жылы бұл көрсеткіш 12 687 болған.

Мұнан басқа 267 млрд сум материалдық шығынын өтеген 4823 адамға бас бостандығынан айырмайтын, шартты түрде жаза берілген.

Азаматтық іс бойынша соттарда 260 мың іс қаралған. Сот шешімі бойынша, 89,2 талаптар қанағаттандырылған.

«Өткен жылғы қылмыстық іске қатысты сот істеріне талдау жасай келе, 2014 жылға қарағанда пара беру, адам зорлау, бұзақылық істері бойынша қылмыс азайған», - дейді Жоғарғы соттың баспасөз хатшысы Азиз Абидов.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1464
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3231
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5338