Сенбі, 23 Қараша 2024
Мәйекті 7164 0 пікір 1 Ақпан, 2016 сағат 15:04

АНКАРА МЕН МӘСКЕУ АРАСЫНДА ДАУ ҚАЙТА ТҰТАНДЫ

Ресей мен Түркия арасындағы өткендегі жанжалдың дауы аяқталмай жатып (қараңыз: http://abai.kz/post/view?id=5628 ), Ресей қарулы күштері Түркия әуе кеңістігін тағы да бұзды. Бұл туралы түркиялық және ресейлік БАҚ жарыса хабар таратуда.

Түркиялық «samanyoluhaber.com» сайтының хабарлауынша, Сауд Арабиясының Рияд қаласында өткен конференцияда Түркия Сыртқы істер министрі Ахмет Давутоглы РФ әскери ұшағы Түркия әуе кеңістігін тағы да бұзып кіргенін мәлімдеген.

«samanyoluhaber.com» ақпараттарына сүйенсек, РФ Қарулы күштерінің өкілі Сергей Рыжков 1-5 ақпан аралығында ресейлік An-30B әскери ұшағы барлау жасайтынын хабарлаған.

Ал ресейлік Газета.ru басылымының ақпараттарында, Түркия Сыртқы істер министрі А.Давутоглы ресейлік ұшақтың Түркия әуе кеңістігін бұзуына байланысты, РФ Елшісін шақыртып алған.

Сондай-ақ, Associated Press агенттігі «Түркия тарапы Ресейді әуе кеңістігін бұзбауға шақырды», - деп жазады. Егерде Халықаралық талаптар (1992 жылы бекітілген «Ашық әуе алаңы келісімдері») орындалмаған жағдайда, - делінген аталған агенттіктің хабарында, - Түркия Қарулы күштері тарапынан қарсы шабуыл жасалуы мүмкін. Сонымен қатар, бар жауапкершілік Ресейдің мойнына жүктелуі ықтимал.

Ал, «samanyoluhaber.com» сайты болса, Түркия Сыртқы істер министрлігінің мәлімдемесін келтіре отырып: "Әуе кеңістігін бұзу арқылы Ресей екі ел арасындағы шиеленісті күшейткісі келетінін дәлелдей түсуде», - деді.

Өз кезегінде РФ Қорғаныс министрлігінің ресми өкілі, генерал-майор Игорь Конашенков ресейлік әуе күштерінің Сирияда Түрік әуе кеңістігін бұзбағанын айтты.
Естеріңізде болса, осыған дейін Ресей мен Түркия арасындағы жанжалдар ушыққан тұста Қазақстан президенті Нұрсұлтан Әбішұлы арағайындық жасаған еді.

Осы ретте, abai.kz сайты «Түркия мен Ресей арасындағы ахуал қалай өрбуі мүмкін?» деген сауалнама жүргізген болатын. Сауалнамаға қатысқан оқырман «Дауласып барып тоқтайды» деген жауапты таңдаған болатын. Алайда, бүгінгі жағдайдан кейін Түркия мен Ресей арасындағы ахуалдың ушыға түсетініне көзіміз жетіп отыр.

Нұргелді Әбдіғаниұлы

Abai.kz 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5345