ҚЫРҒЫЗСТАН: СӘУІР ОҚИҒАЛАРЫ БОЙЫНША СОТ ІСІ ЖАЛҒАСУДА
Бүгін Бішкекте 2010 жылғы 7 сәуірдегі оқғаларға қайтысты Қырғызстанның 27 жоғары лауазымды тұлғасына қатысты сот ісі жалғасады.
Бұл туралы Орталық Азия жаңалықтар Қызметіне Қырғызстан Жоғарғы сотының баспасөз қызметі хабарлады.
Қырғызстанның бұрынғы басшысы Құрманбек Бакиев пен оған жақын болған адамдар айыпталып отырған сәуір оқиғаларына байланысты қылмыстық іс Әскери соттың қарауында жатыр.
Сот отырысы 2016 жылдың 18-ші қаңтарнда өтуі тиіс болған, бірақ сот төрағасының науқастануына байланысты, қаңтардың 25-не ауыстырылған.
Сәуір оқиғаларына байланысты сот ісі 2010 жылдан бері созылып келеді.
Абай-ақпарат